https://sputnik.kz/20250115/astanada-uos-ardagerlerine-5-million-tengeden-tolenedi-49991671.html
Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Астана әкімдігінің бастамасымен Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды. 15.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-15T20:41+0500
2025-01-15T20:41+0500
2025-01-15T20:41+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
соғыс ардагері
төлем
https://sputnik.kz/img/old/858/03/8580373_0:0:1156:651_1920x0_80_0_0_a8f4073737aeaa1085bf46e8a548a64d.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Астана әкімдігінің бастамасымен Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды. Осылайша, астаналық ардагерлердің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Қазір елордада 6 ардагер тұрады. Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер (ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген) – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде төлем алады. Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуде) – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде көмек көрсетіледі. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде төлем алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/858/03/8580373_75:0:1099:768_1920x0_80_0_0_2134054db8b0d77ff2ca478e166aab20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері, төлем
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Астана әкімдігінің бастамасымен Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды.
Осылайша, астаналық ардагерлердің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Қазір елордада 6 ардагер тұрады.
Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер (ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген) – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде төлем алады.
Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуде) – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде көмек көрсетіледі.
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде төлем алады.