https://sputnik.kz/20250620/reseyde-oqityn-sheteldik-studentterdin-basym-boligi-eaeo-tmd-men-shyu-dan-kelgen-54944517.html
Ресейде оқитын шетелдік студенттердің басым бөлігі ЕАЭО, ТМД мен ШЫҰ-дан келген
Ресейде оқитын шетелдік студенттердің басым бөлігі ЕАЭО, ТМД мен ШЫҰ-дан келген
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО негізгі қағидаттарының бірі - Одақ кеңістігінде жұмыс күшінің еркін жүріп тұруы 20.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-20T20:07+0500
2025-06-20T20:07+0500
2025-06-20T20:07+0500
еаэо
форум
https://sputnik.kz/img/07e7/07/08/36630454_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_bbc9862d9bf2c759c05a3bcf39aa648b.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ресейде оқитын шетелдік студенттердің басым бөлігі ЕАЭО, ТМД мен ШЫҰ-дан келген. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін форум аясында Еуразия елдерінің білім беру кеңістігіне арналған панельдік сессия өтті. Сол жерде жарияланған мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Ресей Федерациясында ЕАЭС, ТМД мен ШЫҰ елдерінен келген 327 мың студент оқиды. Олар барлық шетелдік студенттің 78 процентін құрайды.Ресейдің білім және ғылым министрінің орынбасары Ольга Петрованың айтуынша, 2025 жылда Ресейде дарынды шетелдік студенттерді гранттық қолдау бағдарламасы басталған. Ондай гранттар жол мен баспана шығындарын, сондай-ақ, медициналық сақтандыруды өтейді.Ал Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук еуразиялық кеңістікте еңбек ресурстарының кедергісіз жүріп тұруын қамтамасыз ету үшін өзара тәжірибе алмасуды күшейту қажет деп санайды."ЕАЭО негізгі қағидаттарының бірі - Одақ кеңістігінде жұмыс күшінің еркін жүріп тұруы. Ал бірыңғай еңбек нарығын құру үшін интеграциялық бірлестіктерге мүше елдерде білім беру жүйесін құруда ортақ ұстанымдар болуы қажет", - деді Оверчук.
https://sputnik.kz/20250619/54845851.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/08/36630454_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c4be9ba39b3e86d4f34f148185516cf4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, форум
Ресейде оқитын шетелдік студенттердің басым бөлігі ЕАЭО, ТМД мен ШЫҰ-дан келген
ЕАЭО негізгі қағидаттарының бірі - Одақ кеңістігінде жұмыс күшінің еркін жүріп тұруы
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ресейде оқитын шетелдік студенттердің басым бөлігі ЕАЭО, ТМД мен ШЫҰ-дан келген. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумында айтылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін форум аясында Еуразия елдерінің білім беру кеңістігіне арналған панельдік сессия өтті. Сол жерде жарияланған мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Ресей Федерациясында ЕАЭС, ТМД мен ШЫҰ елдерінен келген 327 мың студент оқиды. Олар барлық шетелдік студенттің 78 процентін құрайды.
Ресейдің білім және ғылым министрінің орынбасары Ольга Петрованың айтуынша, 2025 жылда Ресейде дарынды шетелдік студенттерді гранттық қолдау бағдарламасы басталған. Ондай гранттар жол мен баспана шығындарын, сондай-ақ, медициналық сақтандыруды өтейді.
"Осы аймақта тұратын халықтарды дәстүрлі рухани құндылықтар біріктіреді. Бұны ерекше атап өткен жөн. Ал ресейлік-ұлттық университеттер гуманитарлық дипломатия саласында үздік тәжірибеге ие. Бізге маман даярлау, әсіресе, педагогикалық бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту қажет", - деді Петрова.
Ал Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук еуразиялық кеңістікте еңбек ресурстарының кедергісіз жүріп тұруын қамтамасыз ету үшін өзара тәжірибе алмасуды күшейту қажет деп санайды.
"ЕАЭО негізгі қағидаттарының бірі - Одақ кеңістігінде жұмыс күшінің еркін жүріп тұруы. Ал бірыңғай еңбек нарығын құру үшін интеграциялық бірлестіктерге мүше елдерде білім беру жүйесін құруда ортақ ұстанымдар болуы қажет", - деді Оверчук.