Путин: ЕАЭО елдері бірыңғай энергетикалық нарыққа әлі дайын емес
08:01 19.06.2025 (жаңартылды: 08:54 19.06.2025)

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ЕАЭО – бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі ең терең интеграцияланған бірлестік. Бұл туралы ПХЭФ алаңында Ресей басшысы Владимир Путин айтты.
ЕАЭО елдері бірыңғай энергетикалық нарыққа әлі дайын емес, бірақ біз соған бара жатырмыз, деді ол.
«Бұл құрылым сөз жүзінде емес, іс жүзінде интеграцияланған. Бір кездері Қазақстан ЕАЭО құру бастамасын көтерді, бұл үшін біз достарымызға алғыс айтамыз. Қазір бұл ұйым дамып келеді. Әрине, бәрі біркелкі, оңай бола бермейді. Мүмкін, энергетика саласының кейбір бағыттары бойынша әлі толық бірыңғай нарық құруға дайын емес шығармыз. Бірақ біз соған бара жатырмыз. Біз бұл мақсатқа жетеміз», — деді Путин.
Сондай-ақ ол ЕАЭО елдері арасында энергия ресурстарын жеткізу бойынша тұрақты түрде талқылау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
@sputnik_aitady
