"Астана-Бурабай курорты" бағытында жаңа электр пойызы жүреді

© Photo : "Қазақстан темір жолы" АҚ "Астана-Бурабай курорты" бағытында жаңа электр пойызы жүреді
Астана-Бурабай курорты бағытында жаңа электр пойызы жүреді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
Пойыз алты вагоннан тұрады және 374 орынға арналған
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Шілде айының басында "Астана-Бурабай курорты" бағдарына жаңа электр пойызы шығады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
"Жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында "Жолаушылар тасымалы" АҚ бірінші, екінші және үшінші класты жаңа электр пойызын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Құрам Астана - Бурабай курорты бағдары бойынша жүретін болады", - деп жазылған хабарламада.
Пойыз алты вагоннан тұрады және 374 орынға арналған. Ол барлық қажетті техникалық тексерулерден өтті. Қазіргі уақытта Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес құжаттаманы ресімдеу аяқталуда.
Пойыз дизайнында қол жетімділік пен инклюзивтілік мәселелеріне ерекше назар аударылған. Әр класта биодәретханалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы бейінделген кабиналар қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін платформалық көтергіштер қарастырылған.
"Егде жастағы жолаушылар мен балалы отбасылар үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Пойыздағы әрбір орын мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB қосқышымен жабдықталған", - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар құрамда салқын сусындар мен жеңіл тағамдар қарастырылған.
Бұған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ №6857/6858 "Астана – Қарағанды" маршрутында Сomfort+ форматындағы электр пойызын іске қосқан болатын. Алты вагондық құрам 576 жолаушыға арналған.
Новый электропоезд формата Comfort+ начал курсировать между Астаной и Карагандой - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
"Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады
Жаңалықтар
0