"Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Новый электропоезд формата Comfort+ начал курсировать между Астаной и Карагандой

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Жазылу
Билет бағасы – 3 202 теңге
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ №6857/6858 "Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызын іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" "Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады

"Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Үшінші класты бұл заманауи құрам – еуропалық стандарттарға толық сәйкес келеді. 6 вагоннан тұратын пойыз 576 жолаушыға арналған.
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" "Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады

"Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Инклюзивтілікке ерекше назар аударылды:
әр вагонда биотуалет,
мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы санитарлық тораптар,
құрамның екі жағындағы көтергіш құрылғылар бар.
Қарт кісілер мен балалармен жүрген жолаушыларға арналған автоматты табалдырықтар орнатылған.
"Әр орында гаджеттерді қуаттау үшін USB-розетка орнатылған. Вагонда вендинг автоматтары бар – жолда жеңіл тамақ пен сусын алуға болады", - деп жазылған компанияның хабарламасында.
Сондай-ақ машинист кабинасында көппозициялық эргономикалық кресло орнатылып, машинистің жағдайы жақсартылған. Электропойыз бекітілген кесте бойынша күн сайын жүреді. Билет бағасы – 3 202 теңге.
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" "Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады

"Астана – Қарағанды" бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызы жүре бастады
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Айта кетері, маусымның соңына дейін тағы 6 жаңа электр пойыз (I, II, III санаттағы) іске қосылады.