Алматыда жүргізуші балалар отырған автобусты мас күйде басқарған

© Sputnik / Абзал КалиевАвтобус жүргізушісі
Автобус жүргізушісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
Сараптама нәтижесі ағзада алкоголь барын растады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Алматылық жүргізуші балалар отырған автобусты мас күйде басқарған.
Полицейлер Алматы облысындағы лагерьге балаларды апара жатқан автобустар колоннасын тоқтатқан.
Жүргізушілердің бірінде алкогольдік масаңдық белгілері байқалған.
Сараптама нәтижесі ағзада алкоголь барын растады.
Полиция қызметкерлері дереу жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті. Автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Материалдар заң аясында шешім қабылдау үшін Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
@sputnik_aitad
Семейде 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
500 мың теңге айыппұл: Семейде 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Жаңалықтар
0