500 мың теңге айыппұл: Семейде 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Семейде 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Семейде 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Барлық құқық бұзушылық белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту деректері бойынша тіркелген
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Семей қаласында 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы "Қорғау" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтап жатыр.
Іс-шараның алғашқы күнінде облыс орталығында Toyota автокөлігі тоқтатылып, оны Семей қаласының тұрғыны басқарғаны анықталды.
"Тексеру барысында жүргізушінің атына "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен автоматты түрде тіркелген 26 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша төленбеген айыппұлдар бар екені белгілі болды. Жалпы айыппұл сомасы 500 мың теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Барлық құқық бұзушылық белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту деректері бойынша тіркелген. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді, дейді полицейлер.
Осыған байланысты, құқық бұзушының автокөлігі қарызы толық өтелгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды.
Питание в школьных столовых Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Маңғыстауда мектеп асханалары тексерілді: 57 айыппұл салынды
Жаңалықтар
0