https://sputnik.kz/20250609/mangystauda-mektep-askhanalary-tekserildi-57-ayyppul-salyndy-54425626.html
Маңғыстауда мектеп асханалары тексерілді: 57 айыппұл салынды
Маңғыстауда мектеп асханалары тексерілді: 57 айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
66 мектептің ас блогы тексерілді, 1 материал сотқа берілді 09.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-09T12:54+0500
2025-06-09T12:54+0500
2025-06-09T12:54+0500
мектеп
асхана
тексеріс
жаппай тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551700_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_5fbaeb984328c9c20b75d28ebebc045b.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларын тексеру нәтижесі бойынша 57 айыппұл салып, 60 ұйғарым берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.62 қызметкер жұмыстан шеттетілдіМинистрлік Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеруді аяқтады.Бүгін өңірде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен мектептегі тамақтану сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті."Мұнайлы ауданында өткен жылы 459 мектеп оқушысы зардап шеккеніне қарамастан, заң бұзушылықтар қайталанып отыр. Бұл мектеп әкімшіліктері мен білім беру органдарының балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне жүрдім-бардым қарайтынын білдіреді", - деп атап өтті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова облыс активі алдында сөйлеген сөзінде.Эпидемиологиялық жағдай тұрақтыМаңғыстау облысына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі "СҚ-Фармация" ЖШС бірыңғай дистрибьюторының облыстық вакцина қоймасына барып, вакциналарды сақтау шарттарын, "суықтық тізбегінің" сақталуын, тасымалдау шарттарын, жабдықтардың бар-жоғын тексерді.Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке (ҚҚП) қарсы иммундау көрсеткіші 83,9%-ды құрады.Еске сала кетейік, наурыз айында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 11 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551700_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_56fc375aed717d770bc631e0051406a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, асхана, тексеріс, жаппай тексеріс
мектеп, асхана, тексеріс, жаппай тексеріс
Маңғыстауда мектеп асханалары тексерілді: 57 айыппұл салынды
66 мектептің ас блогы тексерілді, 1 материал сотқа берілді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларын тексеру нәтижесі бойынша 57 айыппұл салып, 60 ұйғарым берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
62 қызметкер жұмыстан шеттетілді
Министрлік Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеруді аяқтады.
"66 мектептің ас блогын тексеру қорытындысы бойынша 65-інде санитариялық-эпидемиологиялық талап өрескел бұзылғаны анықталды, 18 млн теңгеден астам сомаға 57 айыппұл салынды, 60 ұйғарым берілді, 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді, 1 материал сотқа берілді",- делінген хабарламада.
Бүгін өңірде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен мектептегі тамақтану сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті.
"Мұнайлы ауданында өткен жылы 459 мектеп оқушысы зардап шеккеніне қарамастан, заң бұзушылықтар қайталанып отыр. Бұл мектеп әкімшіліктері мен білім беру органдарының балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне жүрдім-бардым қарайтынын білдіреді", - деп атап өтті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова облыс активі алдында сөйлеген сөзінде.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі "СҚ-Фармация" ЖШС бірыңғай дистрибьюторының облыстық вакцина қоймасына барып, вакциналарды сақтау шарттарын, "суықтық тізбегінің" сақталуын, тасымалдау шарттарын, жабдықтардың бар-жоғын тексерді.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке (ҚҚП) қарсы иммундау көрсеткіші 83,9%-ды құрады.
Еске сала кетейік, наурыз айында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 11 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті.