Төрт мыңнан астам адам бостандыққа шығады: сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады

Алматыдағы түрме
Алматыдағы түрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Жазылу
Жалпы рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Сенат Конституцияның 30 жылдығына орайластырылған рақымшылық туралы заңды қабылдады.

"Бұл қадам халықаралық тәжірибеге толығымен сәйкес келеді: мерейтойлар мен айтулы оқиғаларға байланысты көптеген елде осындай шешімдер қабылданған", - дейді сенаттағылар.

Бұл ретте сотталғандардың белгілі бір санатына ғана рақымшылық қолдану ұсынылады:
онша ауыр емес қылмыстық әрекеттер немесе қылмыс жасағандар;
зиян келтірмей немесе оның орнын толық өтей отырып, ауырлығы орташа қылмыс жасағандар;
әлеуметтік осал адамдар.
Сенатта хабарлағандай, рақымшылық сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар және тағы басқалар үшін сотталғандарға қолданылмайды.
Рақымшылықпен барлығы 15 мың адам қамтылады. Олар:
түрмеде отырған 6 мың адам;
пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам.
4,1 мың адам бостандыққа шыға алады. Соның ішінде түрмеге қамалған - 632 адам, пробация қызметінің есебінде тұрған - 3,5 мың адам. Ал қалған 11 мың адамның жазасы қайта қаралып, мерзімі қысқартылады.
Сенат төрағасы Қазақстанда Жеңістің тарихи жады қалай сақталғанын айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Сенат төрағасы Қазақстанда Жеңістің тарихи жады қалай сақталғанын айтты
Жаңалықтар
0