https://sputnik.kz/20250418/senat-toragasy-qazaqstanda-zhenistin-tarikhi-zhady-qalay-saqtalganyn-aytty-52627294.html
Сенат төрағасы Қазақстанда Жеңістің тарихи жады қалай сақталғанын айтты
Сенат төрағасы Қазақстанда Жеңістің тарихи жады қалай сақталғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Мәулен Әшімбаев ТМД елдерінің парламентшілерімен Қазақстанда ардагерлерге қалай қолдау көрсетілетінімен бөлісті 18.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-18T22:13+0500
2025-04-18T22:13+0500
2025-04-18T22:27+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52626290_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5b39be7719362496c45d9f9c93065bf5.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанда бұрынғы КСРО халықтарының Жеңіс үшін жасаған ерлігін тарихи жадыда сақтауға ерекше көңіл бөлінуде, деді сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты отырысында қазақстандықтар үшін 9 мамырдың маңызы ерекше екеніне тоқталды.Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлы Жеңісті мәңгі есте қалдыру бойынша шаралардың тұтас кешені жүзеге асырылып жатқанын, соның ішінде ардагерлерге 5 миллион теңге (шамамен 10 мың АҚШ доллары) көлемінде біржолғы төлем тағайындалғанын еске салды.7 мамырда Астанада өтетін әскери шеру Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған, деп қосты ол.Осы іс-шаралардың барлығы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігінің тарихи жадын нығайтуға деген ұмтылысын айғақтайды, деп есептейді сенат төрағасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52626290_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_788bdf3ae538c57636d77f5c0a791bf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Сенат төрағасы Қазақстанда Жеңістің тарихи жады қалай сақталғанын айтты
22:13 18.04.2025 (жаңартылды: 22:27 18.04.2025) Мәулен Әшімбаев ТМД елдерінің парламентшілерімен Қазақстанда ардагерлерге қалай қолдау көрсетілетінімен бөлісті
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанда бұрынғы КСРО халықтарының Жеңіс үшін жасаған ерлігін тарихи жадыда сақтауға ерекше көңіл бөлінуде, деді сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты отырысында қазақстандықтар үшін 9 мамырдың маңызы ерекше екеніне тоқталды.
Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлы Жеңісті мәңгі есте қалдыру бойынша шаралардың тұтас кешені жүзеге асырылып жатқанын, соның ішінде ардагерлерге 5 миллион теңге (шамамен 10 мың АҚШ доллары) көлемінде біржолғы төлем тағайындалғанын еске салды.
"Қазақстан президентінің бастамасымен өткен жылы "Айбын" орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған жауынгерлер Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахмжан Қошқарбаевтың есімдері берілді", - деді Әшімбаев.
7 мамырда Астанада өтетін әскери шеру Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған, деп қосты ол.
Осы іс-шаралардың барлығы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігінің тарихи жадын нығайтуға деген ұмтылысын айғақтайды, деп есептейді сенат төрағасы.