https://sputnik.kz/20250619/kiberkenistik-turli-kushterdin-teketires-ortasyna-aynaldy--tasmagambetov-54863767.html
Киберкеңістік түрлі күштердің текетірес ортасына айналды – Тасмағамбетов
Киберкеңістік түрлі күштердің текетірес ортасына айналды – Тасмағамбетов
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ төрағасы Ыстықкөлде өтіп жатқан Бірінші халықаралық конференцияда сөз сөйледі 19.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-19T14:20+0500
2025-06-19T14:20+0500
2025-06-19T14:20+0500
ұқшұ
иманғали тасмағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53671853_0:27:1017:599_1920x0_80_0_0_823c60828372510967a22b3a10173e39.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстанда өтіп жатқан ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі Бірінші халықаралық конференциясына қатысты.Әлем цифрландыру жолымен жүріп жатыр, деді ол. Жақын болашақта көптеген процесс пен өмірлік маңызды салалар алгоритмдер арқылы басқарылатын болады. Бұл энергетикалық кәсіпорындардан бастап зымыран ұшыру жүйелеріне дейінгі маңызды инфрақұрылым объектілерінде жүйелік ақауларды ұйымдастыруды көздейтін автоматты түрде сыртқы араласу қаупін тудырады.Киберкеңістік негізінен құрлықтан, теңізден, әуеден және ғарыштан кейінгі түрлі саяси және әскери күштер текетіресінің бесінші ортасына айналды және солай болып қала береді, деді ҰҚШҰ төрағасы."Киберортаны және киберқауіпсіздікті дамыту мәселелерінің ішінде жекелеген халықаралық субъектілердің киберқылмыс пен кибертерроризмді анықтауда қосарланған стандарттарды енгізу саясатын атап өткен жөн", - деп атап өтті Тасмағамбетов.Ақпараттық технологиялардың даму қарқыны мен киберортада қарсыласу тетіктері полицентристік әлемдік тәртіптің қалыптасуы жағдайында халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторларына айналуда, деді ол.
https://sputnik.kz/20250619/aqparattyq-zhuyelerdin-2-mynga-zhuyq-osal-tusy-tuzetildi--nurdauletov-54859407.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53671853_94:0:893:599_1920x0_80_0_0_3b91710a6f2a3fd40ab7f45b8a8f93b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
Киберкеңістік түрлі күштердің текетірес ортасына айналды – Тасмағамбетов
ҰҚШҰ төрағасы Ыстықкөлде өтіп жатқан Бірінші халықаралық конференцияда сөз сөйледі
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстанда өтіп жатқан ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі Бірінші халықаралық конференциясына қатысты.
Әлем цифрландыру жолымен жүріп жатыр, деді ол. Жақын болашақта көптеген процесс пен өмірлік маңызды салалар алгоритмдер арқылы басқарылатын болады. Бұл энергетикалық кәсіпорындардан бастап зымыран ұшыру жүйелеріне дейінгі маңызды инфрақұрылым объектілерінде жүйелік ақауларды ұйымдастыруды көздейтін автоматты түрде сыртқы араласу қаупін тудырады.
"Егер ел халықаралық құқықты қабылдамай, біржақты әрекет ету саясатын ұстанса, онда кибер ортада ол өзі жасайтын "ережеге негізделген тәртіп" деп аталатын нәрсеге сүйенеді. Ал кибер ортадағы қарым-қатынастың құқықтық негіздерін дамытуға жекелеген мемлекеттердің қарсылығы өз алдына киберқауіптердің пайда болуына түрткі болады", - деді Тасмағамбетов.
Киберкеңістік негізінен құрлықтан, теңізден, әуеден және ғарыштан кейінгі түрлі саяси және әскери күштер текетіресінің бесінші ортасына айналды және солай болып қала береді, деді ҰҚШҰ төрағасы.
"Киберортаны және киберқауіпсіздікті дамыту мәселелерінің ішінде жекелеген халықаралық субъектілердің киберқылмыс пен кибертерроризмді анықтауда қосарланған стандарттарды енгізу саясатын атап өткен жөн", - деп атап өтті Тасмағамбетов.
Ақпараттық технологиялардың даму қарқыны мен киберортада қарсыласу тетіктері полицентристік әлемдік тәртіптің қалыптасуы жағдайында халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторларына айналуда, деді ол.