https://sputnik.kz/20250619/aqparattyq-zhuyelerdin-2-mynga-zhuyq-osal-tusy-tuzetildi--nurdauletov-54859407.html
Ақпараттық жүйелердің 2 мыңға жуық осал тұсы түзетілді – Нұрдәулетов
Ақпараттық жүйелердің 2 мыңға жуық осал тұсы түзетілді – Нұрдәулетов
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі бірінші конференциясы өтіп жатыр 19.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-19T12:26+0500
2025-06-19T12:26+0500
2025-06-19T12:26+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44307323_0:61:1280:781_1920x0_80_0_0_c29e34b9bae317943c293b7435438454.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ыстықкөлде ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі бірінші конференциясы өтіп жатыр.Іс-шарада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан азаматтарының деректерін сақтау және интернеттегі алаяқтықпен күрес туралы айтты.Хатшының хабарлауынша, ақпараттық жүйелердің 2 мыңға жуық осал жері түзетілді. Азаматтардан ұрланған ақпаратты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.Конференцияда Қырғызстан ҰҚШҰ елдерін цифрлық егемендікті нығайтуға шақырды.Ресей тарапынан РФ Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Алексей Шевцов ҰҚШҰ елдерінің ұлттық қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіптер туралы айтты: мемлекеттік органдар, қаржы институттары, өнеркәсіптік кәсіпорындар кибершабуылға ұшырап жатыр.Мысалы, 2024 жылы Ресейдің маңызды инфрақұрылымына 208 мың кибершабуыл жасалған. Шевцов ҰҚШҰ елдеріндегі ақпараттық ықпал туралы айта кетті."Қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін "түрлі-түсті революция" сценарийлері қолданылады, оның негізгі элементі ақпараттық ықпал ету", - деді Шевцов.Бұған дейін БАҚ 16,3 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткенін жазған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44307323_4:0:1276:954_1920x0_80_0_0_998e9b9239770feb9e58c10fbd292973.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
Ақпараттық жүйелердің 2 мыңға жуық осал тұсы түзетілді – Нұрдәулетов
ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі бірінші конференциясы өтіп жатыр
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ыстықкөлде ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі бірінші конференциясы өтіп жатыр.
Іс-шарада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан азаматтарының деректерін сақтау және интернеттегі алаяқтықпен күрес туралы айтты.
Хатшының хабарлауынша, ақпараттық жүйелердің 2 мыңға жуық осал жері түзетілді. Азаматтардан ұрланған ақпаратты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
"Инфрақұрылым ұдайы дамып, оқыту жұмыстары жүргізіліп келеді. Білікті кадрларды жаппай оқыту және қайта даярлау жұмыстары қолға алынған. Биыл жеке деректерді қорғау, электронды цифрлық қолтаңба және ақпараттандыру саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып үздік мамандарды заңды түрде тартуға және мемлекеттік және жеке тұлғалардың ақпараттық жүйелерін тексеруге мүмкіндік беретін бағдарламаны іске қосты", - деді ол.
Конференцияда Қырғызстан ҰҚШҰ елдерін цифрлық егемендікті нығайтуға шақырды.
Ресей тарапынан РФ Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Алексей Шевцов ҰҚШҰ елдерінің ұлттық қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіптер туралы айтты: мемлекеттік органдар, қаржы институттары, өнеркәсіптік кәсіпорындар кибершабуылға ұшырап жатыр.
Мысалы, 2024 жылы Ресейдің маңызды инфрақұрылымына 208 мың кибершабуыл жасалған. Шевцов ҰҚШҰ елдеріндегі ақпараттық ықпал туралы айта кетті.
"Қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін "түрлі-түсті революция" сценарийлері қолданылады, оның негізгі элементі ақпараттық ықпал ету", - деді Шевцов.
Бұған дейін БАҚ 16,3 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткенін жазған болатын.