Біз сауда соғыстары мен шектеулердің барлық түріне қарсымыз – Путин

© Photo : Kremlin.ruПутин встретился с руководителями зарубежных СМИ на ПМЭФ-2025
Путин встретился с  руководителями зарубежных СМИ на ПМЭФ-2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Жазылу
Путиннің шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесуіне Рейтер, Франс Пресс, AP, DPA агенттіктерінің басшылары қатысты
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай және Түркияның ақпарат агенттіктерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз әділетті әлемдік тәртіпті, халықаралық сауда ұйымы ережелерінің сақталуын және бір айдан келесі айға дейін саяси жағдайларға байланысты өзгертілмеуін жақтаймыз. Біз сауда соғыстары мен шектеулердің барлық түріне қарсымыз", - деді Ресей президенті.
Бұл кездесу Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өтті.
Кездесуге 14 халықаралық ақпарат агенттігінің өкілдері қатысты. Әңгіме "сұрақ-жауап" форматында өтіп, Ресейдің ішкі және сыртқы саясатының өзекті аспектілеріне арналды.
ПМЭФ-2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Санкт-Петербургтегі форумда Қазақстанда үш ЖЭО салу мәселесі талқыланады
Жаңалықтар
0