Санкт-Петербургтегі форумда Қазақстанда үш ЖЭО салу мәселесі талқыланады

© PhotoПМЭФ-2025
ПМЭФ-2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
20 маусымда форумның пленарлық отырысында Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлейді деп жоспарланған
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. ХХVIII Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Ресейдің Қазақстандағы үш жылу электр орталығы (ЖЭО) құрылысын қаржыландыру мәселесі талқыланады, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
"Форум аясында Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак пен Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың кездесуі жоспарланған, онда Көкшетау, Семей және Өскемендегі жылу электр орталықтарының құрылысын қаржыландыру мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.
Форум 18 маусымда басталып, 21 маусымға дейін жалғасады, оған 140 ел мен аумақтан 20 000 өкіл қатысатынын растады.
Ресей президенті Владимир Путин 20 маусымда пленарлық отырыста сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Владимир Путин форумға қатысушыларға арнаған құттықтауында форумның көптеген елдің саясаткерлерін, іскерлік, ғылыми және сарапшылық топтарын біріктіретін беделді халықаралық алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
"Форум бағдарламасындағы негізгі орынды адамдардың өмір сүруі мен өзін-өзі дамытуы үшін қолайлы жағдай жасайтын технологиялар мен цифрлық трансформация тақырыптары алады", - делінген құттықтауда.
Ресей басшысының айтуынша, форумға қатысушылар демография мен еңбек өнімділігі, ғылым мен білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша да пікір алмаса алады.
Форумның іскерлік бағдарламасы әлем және Ресей экономикасы дамуының негізгі тақырыптарын қамтитын 150-ден астам іс-шараны қамтиды, онда 600-ден астам спикер мен модератор, соның ішінде сыртқы істер министрлері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, жетекші кәсіпкерлер мен сарапшылар сөз сөйлейді.
Форум сессиялары мен панельдік отырыстар жаһандық экономика мен саудадағы өзгерістерге, интеграциялық үдерістерді дамытуға, аймақтық ынтымақтастыққа, энергетика, азық-түлік және технологиялық даму секторларындағы сын-қатерлерге қатысты тақырыптарға арналған. Сондай-ақ бірқатар елдің бизнес-диалогтары, БРИКС және ШЫҰ бизнес-форумдары жоспарланған.
Оның қатарында мыналар қамтылады:
Көпполярлы экономиканың қалыптасуы: Ресей мен Еуразияның рөлі мен орны;
Халықаралық сауда және климатты реттеу: БРИКС, ШЫҰ, ЕАЭО және АТЭЫ үшін кедергісіз шешімдер.
Жаңалықтар
0