Қазақстанға Орынбордың 170-тен астам кәсіпорны өз өнімдерін жеткізеді
09:19 19.06.2025 (жаңартылды: 10:02 19.06.2025)
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қазақстанға Орынбордың 170-тен астам кәсіпорны өз өнімдерін жеткізеді.
2024 жылы Орынбор облысының сыртқы саудасының 22 пайызы Қазақстанға тиесілі болды.
Логистика бойынша: «Илецк-1» темір жол вокзалын жаңғырту оның өткізу қабілетін 1,5 есеге арттырады.
Вокзал Ресейде орналасқан, бірақ «Қазақстан темір жолына» тиесілі, ал ондағы бақылау бекеті ресейлік. Станция арқылы Мәскеуден Қытайға ең қысқа маршрут өтеді. Бұл тауарларды жеткізуді 12 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
ПХЭФ-2025 аясында Қазақстан елшісі Дәурен Абаев пен Орынбор облысы губернаторының міндетін атқарушы Евгений Солнцев ел мен аймақ арасындағы сауда және логистика мәселелерін талқылады.
@sputnik_aitady