Қазақстанда "МИР" картасы қашан іске қосылады

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуДаурен Абаев
Даурен Абаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Жазылу
Абаев Sputnik Қазақстан үшін арнайы түсініктеме берді
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстанда "МИР" картасының қашан жұмыс істей бастайтыны туралы пікірін айтты.
Оның пікірінше елдер арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі даму қарқыны біртіндеп бизнестің "Мир" картасын пайдалану қажеттілігін тудырып отыр.
"Бұл экономикалық мәселе. Ол тиімді бола бастағанда, ... туристер мен бизнес ағыны бұдан да көбейе бастағанда, бұл терминалды пайдалану бизнеске тиімді болады деп ойлаймын", - деп атап өтті ол Sputnik Қазақстанға берген түсініктемесінде.
Қазақстан мен Ресейдің бір-бірінің жобаларына қызығушылық білдіруіне "тарихи қалыптасқан" факторлар ықпал етіп отыр.
"Қазақстан мен Ресей арасында үлкен артықшылық бар, бізде іргетас бар – тарих ортақ, менталитет ұқсас. Бізде тілдік кедергі жоқ. Сондықтан ресейлік бизнес үшін Қазақстанға кіру немесе керісінше процесс соншалықты қиын емес", - деп атап өтті ол.
Дипломат Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы біртұтас бизнес ортаны құрайтынын, бұл бірлескен жобаларды дамытуға да септігін тигізетінін айтты.
Даурен Абаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Абаев: Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтіп жатыр
Жаңалықтар
0