https://sputnik.kz/20250618/qazaqstan-bidayy-vetnamga-eksporttaldy-54797314.html
Қазақстан бидайы Вьетнамға экспортталды
Қазақстан бидайы Вьетнамға экспортталды
Sputnik Қазақстан
Астықты жеткізу мультимодальды бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T09:48+0500
2025-06-18T09:48+0500
2025-06-18T09:50+0500
бидай
вьетнам
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228705_0:288:2048:1440_1920x0_80_0_0_90bfa6a6c725d1ddf17e823091e3ad5e.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан бидайы тиелген транзиттік контейнерлік пойыз Қытайдың Ляньюньган портына келіп жетті, деп хабарлауы ауыл шаруашылығы министрлігі.Бұл – Вьетнамға арналған сегіз құрамның алғашқысы. Астықты жеткізу мультимодальды бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр.Ляньюньган портындағы логистикалық база "бір контейнер – бір сервис" қағидасымен жұмыс істейді. Бұл модель бойынша жүктің бастапқы нүктеден соңғы межеге дейін қайта тиеусіз бір контейнерде жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Осы технологияның арқасында теміржолдан теңіз портына өту уақыты небәрі бір сағатқа созылды. Сонымен қатар, қазақстандық бидай барлық рәсімдер жедел түрде жүргізілетін "жасыл дәліз" арқылы жеткізілді.Айта кетейік, алғашқы бидай партиясы Ақмола облысындағы астық қабылдау кәсіпорындарында дайындалған. Жалпы, Вьетнамға шамамен 15 мың тонна азықтық бидай жөнелтіледі деп жоспарланып отыр.Жыл басынан бері "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" экспортқа 196 мың тонна астық жөнелтті. Ең ірі партиялар Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Иран нарықтарына жіберілді.
https://sputnik.kz/20250528/aqmolalyq-diqandar-evropaga-tasymaldanatyn-astyq-kolemin-ulgaytady-53969281.html
вьетнам
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228705_0:307:2048:1843_1920x0_80_0_0_48e143d2f0f0bb349488ebf3ff0212b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бидай, вьетнам
Қазақстан бидайы Вьетнамға экспортталды
09:48 18.06.2025 (жаңартылды: 09:50 18.06.2025) Астықты жеткізу мультимодальды бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан бидайы тиелген транзиттік контейнерлік пойыз Қытайдың Ляньюньган портына келіп жетті, деп хабарлауы ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл – Вьетнамға арналған сегіз құрамның алғашқысы. Астықты жеткізу мультимодальды бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр.
"Теміржол құрамы жалпы салмағы 1,7 мың тоннаны құрайтын 62 контейнерден құралған. Контейнерлер теңіз кемелеріне қайта тиелгеннен кейін, бидай Вьетнамның Хайфон портына жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Ляньюньган портындағы логистикалық база "бір контейнер – бір сервис" қағидасымен жұмыс істейді. Бұл модель бойынша жүктің бастапқы нүктеден соңғы межеге дейін қайта тиеусіз бір контейнерде жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Осы технологияның арқасында теміржолдан теңіз портына өту уақыты небәрі бір сағатқа созылды. Сонымен қатар, қазақстандық бидай барлық рәсімдер жедел түрде жүргізілетін "жасыл дәліз" арқылы жеткізілді.
Айта кетейік, алғашқы бидай партиясы Ақмола облысындағы астық қабылдау кәсіпорындарында дайындалған. Жалпы, Вьетнамға шамамен 15 мың тонна азықтық бидай жөнелтіледі деп жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" экспортқа 196 мың тонна астық жөнелтті. Ең ірі партиялар Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Иран нарықтарына жіберілді.