Ақмолалық диқандар Европаға тасымалданатын астық көлемін ұлғайтады

© Photo : канал пресс-службы акима Павлодарской областиУборка урожая
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Былтыр Ақмола облысы мен Эстония арасындағы сыртқы сауда айналымы 112,7 мың долларға жетті
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ақмола облысы мен Эстония ынтымақтастығы аясында диқандар Еуропаға астық жөнелту көлемін ұлғайтпақ, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Эстония делегациясы Ақмола облысының аграршыларымен әріптестік орнатуға ерекше қызығушылық танытты.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, эстон порттары мен логистикалық компаниялары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттау мәселесін жан-жақты талқылады. Айта кетері, эстониялық делегация құрамында ірі логистикалық компаниялардың өкілдері, порт басшылары мен теміржол саласының жетекшілері болды.
"Былтыр Ақмола облысы мен Эстония арасындағы сыртқы сауда айналымы 112,7 мың долларға жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31,5 %-ке артық", - деп жазылған хабарламада.
Эстониядағы ең ірі астық терминалы – "Muuga Grain Terminaal" компаниясының бас директоры Ян Липинский өз сөзінде Эстонияның дамыған көлік инфрақұрылымы мен Қазақстанмен жұмыс тәжірибесін ерекше атап өтті. Терминал жылдам тиеу және түсіру қызметтерін ұсынып, қуаттылығы 300 мың тонна болатын элеватор арқылы дәнді дақылдарды жеке-жеке сақтау бойынша ең үлкен мүмкіндіктерге ие.
Айта кетері, жыл басынан бері "Вильмир" ЖШС Эстония арқылы 23 мың тонна, ал "Содружество Трейд Восток" ЖШС 27 мың тонна бидай жөнелткен.
Кездесу соңында тараптар аграрлық және өндірістік салалардағы инвестициялық жобалар мен тәжірибе алмасу бағыттарын қоса қамтитын нақты әріптестік бағыттарын бірлесіп пысықтау және диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Жаңалықтар
0