https://sputnik.kz/20250618/pavlodarda-ulttyq-qor-qarazhaty-urlandy-54821292.html
Павлодарда Ұлттық қор қаражаты ұрланды
Павлодарда Ұлттық қор қаражаты ұрланды
Sputnik Қазақстан
Мердігерге орындалмаған жұмыстар үшін 158 млн теңге төленген 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T17:10+0500
2025-06-18T17:10+0500
2025-06-18T17:10+0500
ұлттық қор
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_ac3f4cd6b1f88229ae8dc3923baf23fa.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Павлодарда Ұлттық қор қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының сайты.Ведомствоның мәліметінше Павлодар ауданында экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы әлеуметтік нысан салу кезінде лауазымын асыра пайдаланған."Ауыл Ел-Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кемеңгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны – 382 млн теңге.Аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізді.Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы бөлім басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250601/ulttyq-qor--balalarga-7-millionga-zhuyq-balanyn-shotyna-aqsha-audaryldy-54158606.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_37422d866cf338ff32b64abd33f68c14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, павлодар
Павлодарда Ұлттық қор қаражаты ұрланды
Мердігерге орындалмаған жұмыстар үшін 158 млн теңге төленген
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Павлодарда Ұлттық қор қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының сайты.
Ведомствоның мәліметінше Павлодар ауданында экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы әлеуметтік нысан салу кезінде лауазымын асыра пайдаланған.
"Ауыл Ел-Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кемеңгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны – 382 млн теңге.
"Бюджеттік қаражаттың заңсыз жұмсалуын тексеру барысында мердігерге орындалмаған жұмыстар үшін 158 млн теңге төленгені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізді.
Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы бөлім басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.