https://sputnik.kz/20250601/ulttyq-qor--balalarga-7-millionga-zhuyq-balanyn-shotyna-aqsha-audaryldy-54158606.html
"Ұлттық қор – балаларға": 7 миллионға жуық баланың шотына ақша аударылды
"Ұлттық қор – балаларға": 7 миллионға жуық баланың шотына ақша аударылды
Sputnik Қазақстан
Оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады 01.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-01T14:10+0500
2025-06-01T14:10+0500
2025-06-01T14:14+0500
бала
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018108_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_f1d73511bf03a461bd04d07869e2886c.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. "Ұлттық қор – балаларға" бастамасы аясында 7 миллионға жуық баланың болашағына ақша аударылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаға 6 919 131 адам – 2006 жылдан 2023 жылға дейін қоса алғанда туылған балалар қатысты. Олардың әрқайсысына 100,52 АҚШ доллары есептелді.Есептеудің жалпы сомасы 695,5 миллион АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетті, оларға жалпы сомасы 30,6 млн АҚШ доллары аударылды.2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал есептеулер 129,38 АҚШ долларын құрады.Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балаларда инвестициялық кірісті қоса есептегенде, жинақтардың жалпы сомасы – 232,94 АҚШ доллары. Ұлттық қордан берілген жалпы сома 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады, содан кейін оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілді, оның 97 мыңы орындалды. Жалпы сомасы – 11 млн 399,1 мың АҚШ доллары. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 63 871 өтінім берілді, оның ішінде 56 591 өтінім орындалды және 6, 647,9 млн АҚШ доллары төленді. Оқу ақысын төлеуге 54 270 өтінім берілді, оның ішінде 40 466 өтінім орындалды және 4,751,2 млн АҚШ долларытөленді.
https://sputnik.kz/20250601/biyl-balasy-bar-otbasylardy-aleumettik-qoldauga-17-trln-tenge-bolindi-54156895.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018108_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_336dde7ee23898dfce14c94d4f8b9ebe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала
"Ұлттық қор – балаларға": 7 миллионға жуық баланың шотына ақша аударылды
14:10 01.06.2025 (жаңартылды: 14:14 01.06.2025) Оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. "Ұлттық қор – балаларға" бастамасы аясында 7 миллионға жуық баланың болашағына ақша аударылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаға 6 919 131 адам – 2006 жылдан 2023 жылға дейін қоса алғанда туылған балалар қатысты. Олардың әрқайсысына 100,52 АҚШ доллары есептелді.
Есептеудің жалпы сомасы 695,5 миллион АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетті, оларға жалпы сомасы 30,6 млн АҚШ доллары аударылды.
2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал есептеулер 129,38 АҚШ долларын құрады.
Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балаларда инвестициялық кірісті қоса есептегенде, жинақтардың жалпы сомасы – 232,94 АҚШ доллары. Ұлттық қордан берілген жалпы сома 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады, содан кейін оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілді, оның 97 мыңы орындалды. Жалпы сомасы – 11 млн 399,1 мың АҚШ доллары. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 63 871 өтінім берілді, оның ішінде 56 591 өтінім орындалды және 6, 647,9 млн АҚШ доллары төленді. Оқу ақысын төлеуге 54 270 өтінім берілді, оның ішінде 40 466 өтінім орындалды және 4,751,2 млн АҚШ долларытөленді.