Бүгін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы басталады

© Sputnik / Алексей ДаничевПХЭФ-2025
ПХЭФ-2025  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Жазылу
Форумның басты тақырыбы – "Ортақ құндылықтар – көпполярлы әлемдегі өсудің негізі"
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Ресейде Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ-2025) өз жұмысын бастайды.
Дәстүрге айналған және 18-21 маусым аралығында өтетін шараға алыс-жақын шетелдерден мыңдаған делегат жиналады. Негізгі тақырып "Ортақ құндылықтар – көпполярлы әлемдегі өсудің негізі".
ПХЭФ 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. 27 жыл ішінде Форум тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында жаһандық экономиканың негізгі мәселелерін талқылауға, ынтымақтастық байланыстарын орнатуға және озық әлемдік тәжірибелер мен құзыреттерді алмасуға арналған жетекші жаһандық алаң мәртебесіне ие болды.
2006 жылдан бастап форум Ресей Федерациясы президентінің қамқорлығымен және қатысуымен өткізіліп келеді.
Форум бағдарламасына мыналар кіреді:
шағын және орта бизнес форумы;
креативті индустрия форумы;
"Болашақ күні" халықаралық жастар экономикалық форумы;
"Дәрілік заттардың қауіпсіздігі" форумы;
"Росконгресс урбан хаб" пікірталас алаңы.
Мәдени бағдарламада "Петербор маусымдары" фестивалі, сондай-ақ ПХЭФ дәстүрлі спорттық ойындары өтеді.
Форумды Росконгресс қоры ұйымдастырып отыр.
III Евразийский экономический форум  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Ереванда ІІІ Еуразиялық экономикалық форум басталды
Жаңалықтар
0