Ереванда ІІІ Еуразиялық экономикалық форум басталды

© Photo : ЕЭКIII Евразийский экономический форум
III Евразийский экономический форум  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Ереванда ІІІ Еуразиялық экономикалық форум басталды. Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, шара 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Негізгі тақырып – "ЕАЭО-ға 10 жыл: келешегі мен басымдықтары".
© Photo : ЕЭКІІІ Еуразиялық экономикалық форум
III Евразийский экономический форум  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
ІІІ Еуразиялық экономикалық форум
Форумда Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ммынандай өзекті бағыттары талқыланады: ЕАЭО стратегиялық дамуы; жан-жақты кооперация және технологиялық ынтымақтастық; цифрландыру; көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту; ішкі нарықтың сапасы және кәсіпкерлікті қолдау; халықаралық ынтымақтастық.
Форум Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысымен тұспа-тұс келді. Іс-шараға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары мен мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ үшінші елдердің үкімет мүшелері, ірі, орта және шағын бизнес басшылары қатысады. Одақ аясындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі халықаралық ұйымдар өкілдері де сөз сөйлейді деп күтілуде.
Жаңалықтар
0