Тағы 60 қазақстандық маман Қытайда біліктілігін арттырады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан мен Қытай
Қазақстан мен Қытай - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
Бұл курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Қытай отандық су саласы мамандарын даярлауда әріптестікті нығайтып жатыр, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстан тарапы алдағы бірнеше жыл ішінде су шаруашылығы саласындағы отандық мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін орта мерзімді оқу жоспарын әзірлеуді ұсынды.
Бүгінде Қытайда қазақстандық 60 маман біліктілігін арттырды. Жыл соңына дейін тағы 60 маман Қытайда оқудан өтпек. Бұл курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр.

"Біз тағылымдамалар мен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ білім, тәжірибе және технологиялармен алмасу бастамаларын талқылауға дайынбыз. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық Қазақстанның су саласындағы кадрлық әлеуетін дамытуға септігін тигізеді деп сенемін", – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Еске сала кетсек, биыл наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Құжат су ресурстарын тиімді әрі тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру, тәжірибе алмасу және бірлесіп мамандар даярлау сияқты бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
Токаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
АЭС құрылысы бойынша Қытай компаниясын серіктес ретінде қарастырып отырмыз – Тоқаев
Жаңалықтар
0