https://sputnik.kz/20250616/aes-qurylysy-boyynsha-qytay-kompaniyasyn-seriktes-retinde-qarastyryp-otyrmyz--toqaev-54731949.html
АЭС құрылысы бойынша Қытай компаниясын серіктес ретінде қарастырып отырмыз – Тоқаев
АЭС құрылысы бойынша Қытай компаниясын серіктес ретінде қарастырып отырмыз – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент осы маңызды жобаға ірі компанияларды тартуға қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті 16.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-16T19:33+0500
2025-06-16T19:33+0500
2025-06-16T19:54+0500
атом электр станциясы
қытай
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54728535_0:37:1280:757_1920x0_80_0_0_506d15a98dd36425e4422448e6d12255.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу кезінде атом энергетикасы саласына арнайы тоқталды, деп хабарлады Ақорда.Ол Қазақстанда бірнеше, тым болмағанда екі-үш АЭС салу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.Сондай-ақ президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады. Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер етпейді.Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін еске салды. Былтырғы қорытынды бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш.Сонымен қатар Президент мәдени-гуманитарлық саладағы елеулі жетістіктерге тоқталды. Атап айтқанда, елімізде мәдениет орталықтары, Лу Бань шеберханалары, Қытай жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық орталықтарының филиалдары ашылды.Қазақстан Конфуций орталықтарына қолдау көрсетеді. 2025 жыл "Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы" болып жарияланды. Бұл екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге, өзара сенімді нығайтуға септігін тигізеді.
https://sputnik.kz/20250616/toqaev-si-tszinpindi-astana-auezhayynan-qarsy-aldy-54713727.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54728535_111:0:1170:794_1920x0_80_0_0_1dcd39549585ec76298575f260afd9c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы, қытай, қасым-жомарт тоқаев
атом электр станциясы, қытай, қасым-жомарт тоқаев
АЭС құрылысы бойынша Қытай компаниясын серіктес ретінде қарастырып отырмыз – Тоқаев
19:33 16.06.2025 (жаңартылды: 19:54 16.06.2025) Президент осы маңызды жобаға ірі компанияларды тартуға қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу кезінде атом энергетикасы саласына арнайы тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
Ол Қазақстанда бірнеше, тым болмағанда екі-үш АЭС салу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
"АЭС құрылысы бойынша Қытайдың CNNC компаниясын сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастырып отырғанымызды ерекше атап өткім келеді. Әлемге әйгілі компания біздің нарықта өз орнын табатыны анық. Сонымен қатар Қазақстан Қытайға табиғи уран мен ядролық отын жеткізіп отырған сенімді ел", – деді президент.
Сондай-ақ президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады. Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер етпейді.
"Қытай Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығында қандай да бір саяси шарт қоймаған. Біздің егемендігіміз бен қауіпсіздігімізге көрсеткен қолдауыңызды бағалаймыз. Қытайдың бейбітшілік бастамаларын қолдаймыз. Еліңіздің әділ әлемдік тәртіп орнату әрекеттерін қуаттаймыз", – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін еске салды. Былтырғы қорытынды бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Сонымен қатар Президент мәдени-гуманитарлық саладағы елеулі жетістіктерге тоқталды. Атап айтқанда, елімізде мәдениет орталықтары, Лу Бань шеберханалары, Қытай жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық орталықтарының филиалдары ашылды.
Қазақстан Конфуций орталықтарына қолдау көрсетеді. 2025 жыл "Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы" болып жарияланды. Бұл екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге, өзара сенімді нығайтуға септігін тигізеді.