Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

© Photo : АкордаТоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды
Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер жоспарланып отыр
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келді, деп хабарлады Ақорда.
Си Цзиньпинді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан қарсы алды.
Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.
Елорда әуежайының терминалында Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының төрағасы "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысады.
Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді
Жаңалықтар
0