https://sputnik.kz/20250617/qytaymen-yadrolyq-energetika-boyynsha-kelisimge-qol-qoyylady-toqaev-54775698.html
Қытаймен ядролық энергетика бойынша келісімге қол қойылады –Тоқаев
Қытаймен ядролық энергетика бойынша келісімге қол қойылады –Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Қытаймен озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниетті 17.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-17T17:35+0500
2025-06-17T17:35+0500
2025-06-17T17:35+0500
қытай
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/11/54774945_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_59298d2f0ebac7f1f312b9514010b1d2.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін "Орталық Азия-Қытай" саммитінде Тоқаев әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланғанын ерекше атап өтті.Осы орайда мемлекет басшысы Қытаймен ынтымақтастық байланысын күшейтуге мүдделі екенін жеткізді."Қытай Халық Республикасының ядролық энергетиканы дамытудағы бай және табысты тәжірибесін ескере отырып, аталған стратегиялық салада орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз", – деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250617/toqaev-qytaymen-birlesken-zhuk-portyn-saludy-usyndy-54772605.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/11/54774945_60:0:1151:818_1920x0_80_0_0_c525422a36fe793be7ee9cb900361dae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, атом электр станциясы
қытай, атом электр станциясы
Қытаймен ядролық энергетика бойынша келісімге қол қойылады –Тоқаев
Қазақстан Қытаймен озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниетті
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін "Орталық Азия-Қытай" саммитінде Тоқаев әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланғанын ерекше атап өтті.
"Яғни бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Біз озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниеттіміз. Сондай-ақ аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қуат көздерін әртараптандыруға мән берген жөн", - деді президент.
Осы орайда мемлекет басшысы Қытаймен ынтымақтастық байланысын күшейтуге мүдделі екенін жеткізді.
"Қытай Халық Республикасының ядролық энергетиканы дамытудағы бай және табысты тәжірибесін ескере отырып, аталған стратегиялық салада орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз", – деді Тоқаев.