Қытай Орталық Азия елдеріне 210 млн доллар көлемінде өтеусіз грант береді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСаммит Центральная Азия - Китай
Саммит Центральная Азия - Китай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
Қаржы халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қытай Орталық Азия елдеріне 1,5 миллиард юань көлемінде өтеусіз грант беруге дайын. Бұл туралы "Орталық Азия-Қытай" саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақшаны теңгеге шаққанда 108,3 млрд, долларға шаққанда 210 млн болады.
"Қаржы халықтың әл-ауқатын жақсартуға және олардың жеке дамуына ықпал ететін маңызды жобаларды қолдауға жұмсалады", -деді Си Цзиньпин.
Ол сондай-ақ ҚХР Орталық Азия елдеріне алдағы екі жылда кәсіби дайындық курстарына қатысу үшін 3000 квота беруді көздеп отырғанын айтты.
Си Цзиньпин и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Қытаймен ядролық энергетика бойынша келісімге қол қойылады –Тоқаев
Жаңалықтар
0