https://sputnik.kz/20250617/astana-turgyny-ultyn-auystyrudy-talap-etti--sot-ruqsat-berdi-54749488.html
Астана тұрғыны ұлтын ауыстыруды талап етті – сот рұқсат берді
Астана тұрғыны ұлтын ауыстыруды талап етті – сот рұқсат берді
Sputnik Қазақстан
Заң бойынша адамның туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді 17.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-17T11:05+0500
2025-06-17T11:05+0500
2025-06-17T11:11+0500
жеке куәлік
ұлт
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:11:1281:731_1920x0_80_0_0_b7dd4bc205aac7efbaf0376ba8a3bd8c.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Астана қаласының соты көші-қон қызметінің шешіміне арызданған әйелге өз ұлтын ауыстыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қала тұрғыны көші-қон қызметіне өз ұлтын "беларусьтан" "неміске" өзгертуге өтініш жазған. Себебі атасының туу туралы куәлігінде арғы атасы мен әжесі де "немістер" деп көрсетілген.Оның айтуынша, бұл дерек жақын туыстары неміс ұлтынан шыққанын растап отыр. Алайда көші-қон қызметі "Неке және отбасы туралы" кодекстің 65-бабына сілтеме жасай отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Заң бойынша адамның туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді.Ал Астана қаласының мамандырылған ауданаралық соты көші-қон қызметінің шешімі Констуцияға қайшы келеді деген қорытындыға келді. Конституциялық сот та оны растап отыр.Бірақ "Неке және отбасы туралы" кодекстің 65-бабында мұндай өмірлік жағдайлар ескерілмеген. Ал Конституцияның 19-бабы, 1-тармағы бойынша әркім өз ұлтын дербес анықтауға құқылы."Талап қоюшының жақын туыстары немістер болған, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ұлтын өзгертуге мәжбүр болған. Талап қоюшы неміс қоғамдастығының қызметіне белсенді қатысады, неміс мәдениетін сақтауға және дамытуға үлес қосады. Оның ата-бабаларымен берік байланысын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтауға ұмтылысын және істің мән-жайын ескере отырып, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту оның конституциялық құқықтарын бұзады деп тапты", - дейді сот мамандары.Сот көші-қон қызметіне талап қоюшының ұлтын "беларусьтан" "неміске" өзгертуді міндеттеді.
https://sputnik.kz/20250327/taldyqorgandyq-kop-balaly-ana-24-zhasynda-tungysh-ret-zheke-kualik-aldy-51969812.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:0:975:731_1920x0_80_0_0_e558e8cd70e9ff584a9b426b1eeedf64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеке куәлік, ұлт
Астана тұрғыны ұлтын ауыстыруды талап етті – сот рұқсат берді
11:05 17.06.2025 (жаңартылды: 11:11 17.06.2025) Заң бойынша адамның туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Астана қаласының соты көші-қон қызметінің шешіміне арызданған әйелге өз ұлтын ауыстыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала тұрғыны көші-қон қызметіне өз ұлтын "беларусьтан" "неміске" өзгертуге өтініш жазған. Себебі атасының туу туралы куәлігінде арғы атасы мен әжесі де "немістер" деп көрсетілген.
Оның айтуынша, бұл дерек жақын туыстары неміс ұлтынан шыққанын растап отыр. Алайда көші-қон қызметі "Неке және отбасы туралы" кодекстің 65-бабына сілтеме жасай отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Заң бойынша адамның туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді.
Ал Астана қаласының мамандырылған ауданаралық соты көші-қон қызметінің шешімі Констуцияға қайшы келеді деген қорытындыға келді. Конституциялық сот та оны растап отыр.
"Конституциялық сот ұлттық және халықаралық заңнама нормаларын, сот практикасын және шетелдік тәжірибені зерделей келе, ұлтын анықтау тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруімен байланысты және тек шығу тегіне ғана емес, басқа да мән-жайларға негізделетінін атап өтті. Ұлт адамның ішкі еркіндігін көрсете алады және құқықтық мәнге ие болады", - делінген ресми хабарламада.
Бірақ "Неке және отбасы туралы" кодекстің 65-бабында мұндай өмірлік жағдайлар ескерілмеген. Ал Конституцияның 19-бабы, 1-тармағы бойынша әркім өз ұлтын дербес анықтауға құқылы.
"Талап қоюшының жақын туыстары немістер болған, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ұлтын өзгертуге мәжбүр болған. Талап қоюшы неміс қоғамдастығының қызметіне белсенді қатысады, неміс мәдениетін сақтауға және дамытуға үлес қосады. Оның ата-бабаларымен берік байланысын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтауға ұмтылысын және істің мән-жайын ескере отырып, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту оның конституциялық құқықтарын бұзады деп тапты", - дейді сот мамандары.
Сот көші-қон қызметіне талап қоюшының ұлтын "беларусьтан" "неміске" өзгертуді міндеттеді.