Талдықорғандық көп балалы ана 24 жасында тұңғыш рет жеке куәлік алды
15:31 27.03.2025 (жаңартылды: 15:38 27.03.2025)
© Photo : Комитет по защите прав потребителей МТИ РКТалдықорғанда көп балалы ана 24 жасында тұңғыш рет жеке куәлік алды

Жазылу
Туу туралы құжаты болмағандықтан мектеп бітірді деген куәлік те алмаған
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Талдықорған тұрғыны алғаш рет жеке басын куәландыратын құжат алды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комиеті.
Самал есімді көп балалы ананың құжатының жоқтығы үйіне учаскелік медбике барғанда белгілі болған. 24 жастағы әйел құжатының жоқтығынан осыған дейін туған үш баласына да жәрдемақы алмапты.
Медбике сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен көп балалы анаға көмектесуді сұраған.
© Photo : Комитет по защите прав потребителей МТИ РКТалдықорғанда көп балалы ана 24 жасында тұңғыш рет жеке куәлік алды

Талдықорғанда көп балалы ана 24 жасында тұңғыш рет жеке куәлік алды
"Самалдың айтуынша, анасы көзі тірісінде кеңестік паспортпен жүрген, қазақстандық құжаттарды рәсімдеп үлгермей, 2020 жылы қайтыс болған. Жақын адамның қайтыс болуы, тұңғышының дүниеге келуі әрі құжаттардың дұрыс болмауы жас отбасыға біраз қиындық әкелген. Тіпті туу туралы құжаты болмағандықтан, мектеп бітірді деген куәлік те ала алмаған", - дейді департаменттегілер.
Құжаттарды қалпына келтіру мәселесі сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тікелей міндетіне кірмесе де оның өкілі Ғазиз Аманжолұлы Самалға көмектесемін деп шешкен.
Ол жеке куәлікті рәсімдеу процесін жеделдету үшін облыстық көші-қон полициясының басшылығына жүгінген.
"Бұл біздің құзыретімізге кірмейді деп айта алмадық. Адам тығырыққа тірелгенде, тек көмектесу керек. Әрбір азаматтың тиісті құжаттары мен өз құқықтарын іске асырып жәрдемақы алуға мүмкіндіктері болуы маңызды", - деді Ғазиз Аманжолұлы.
Жеке куәлікті қолына алған әйел енді әлеуметтік төлемдерге құжат рәсімдемек.