"Кейбір баламның анасы үлкен қызметте": Ақтөбелік отбасы 25 баланы бауырына басқан

© Sputnik / Айдана ДайыроваАқтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан
Ақтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан   - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Жазылу
Жетесовтер отбасы асырап алған балаларының үлкені 30 жаста. Күйеуге шығып, екі балалы болды
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Ақтөбелік Өмірхан мен Амангүл Жетесовтердің отбасында 28 бала бар. Оның 25-ін балалар үйінен асырап алған. Sputnik Қазақстан тілшісі әке-шешесіз қалған балаларды бауырына басқан Амангүл Жетесовамен тілдесті.
25 бала... Тапқан анасына керек болмай, баққан анасының бауырынан бақыт тапқан 25 түрлі тағдыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан
Ақтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан   - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Ақтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан
Отағасы Өмірхан Жетесов – қарапайым такси жүргізуші, ал Амангүл 35 жыл шығармашылық саласында еңбек еткен. Өзінің үш баласынан бөлек 2009 жылы алғаш рет балалар үйінен бала асырап, бауырына басқан. Отбасына бала асырап алуға тиісті мекемелер көмектескен. Олар балаларды Ақтөбе облысындағы Алға ауданынының орталығындағы балалар үйінен алған.

"Карантин адамдардың мейірімін оятты"

"Әр балаға мемлекет тарапынан төленетін ай сайынғы ақша сол баланы бір ай асырауға жетпейді. Бірақ мемлекетті бұған кінәлауға болмайды. Баланы алсақ өзіміз үшін алдық. Негізі балаларға ең бірінші мейірім керек. Бізге былайғы жұрт көп көмектеседі. Азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдарын береді. Негізі карантиннен кейін көмек өте көп болды. 2019 жылға дейін өзіміз бақтық. Алтындарымды ломбардқа өткізіп, кредитке белшемізден кірдік. Карантиннен кейін халық тым мейірімді болып кетті, сауапты іс істегісі келетіндер көбейді", - дейді Амангүл Жетесова.

"17 баламның ата-анасы бар"

Жетесовтердің бауырға басқан балаларының үлкені 30 жаста. Күйеуге шығып, екі балалы болды. 25 баланың ең кішісі бес жаста.
"25 баламның сегізі тұл жетім, ата-анасы жоқ. Қалған баланың әке-шешесі бар. Менде жалпы 5 отбасының баласы бар. Біз бауырларынан бөлмей, бәрін бірге аламыз. Толық жетім емес 17 баланың бәрінің бірдей ата-анасы ішімдікке салынып, не болмаса нашақор болып кетпеген. Бәрінің анасын білемін, кездестім. Өйткені бауырыма басқан балаларым туған анасын білсін, аралассын деп ойладым", - дейді Амангүл.

"Ана болып жарытпаймын"

Өмірхан мен Амангүлдің бала асырап алғандарына 16 жыл. 16 жылда ешбір ана баласын іздеп келмеген.
"Үш баласын мен бағып отырған бір жас келіншекті таптым. Маскүнемдермен қаңғып жүр екен. "Кел үйіме, бірге тұрайық. Маскүнемдіктен емдейін" деп айтып едім, бас тартты.
"Сырттай сізді көріп жүремін, жақсы адамсыз. Балаларым қауіпсіз жерде. Алғысым шексіз. Мен енді ана болып жарытпаймын" деді. Сосын бір түрмеден шыққан анамен де сөйлестім. Ол да өзінің нашақор екенін, жақсы ана болмайтынын айтып бас тартты", - дейді көпбалалы ана.

Кейбір балалардың анасы үлкен қызметте істейді

Балалар үйінен алынған 25 баланың кейбірінің анасы атақты компанияда бухгалтер, кейбір баланың анасы тіпті лауазымды педагог.
"Менің бір қызымды туған анасы 15 жасында босанған. Анасы ішін байлап тастап, қыз мүгедек болып туған. Сөйтіп балалар үйіне тапсырылған. Мен ол қызды 12 жасында бағып алдым. Маған келгенде бір аяқ, бір қолы істемеген. Қазір музыкалық аспапта ойнайды, қызым сондай ақылды. Қазір жасы 22-де, филармонияда жұмыс істейді. Осы қызымның әкесі де, шешесі де бар. Үлкен компанияда бухгалтер. "Менде шаруаларың болмасын, аулақ жүріңдер" деді. Сондай-ақ Айгүл деген қызымның да әкесі-шешесі бар. Анасы мектепте оқу-ісінің меңгерушісі. Айгүлді анасымен сөйлестірдім. Анасы 2-3 рет сөйлесті, сосын хабарласпай кетті, жоламады да", - дейді Амангүл Жетесова.
Маскүнем мен нашақор ана алғысын білдіріп, жөнін айтса, қызмет істейтін аналар Амангүлді тіпті маңайлатпапты да.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан
Ақтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан   - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Ақтөбелік Жетесовтер отбасы 25 баланы бауырына басқан

"Балалардың болашағы бәрімізді алаңдатуға тиіс"

Балалар үйіндегі балаға ана керек, мейірім керек, дейді Амангүл.
"Бір рет балалар үйіне барғанымда әп-әдемі 15-16 жастағы қыз тұр екен. Қызым, атың кім деп едім. Саған қажеті не оның, жайыңа жүрсей деді маған. Ой мен анаңдай адаммын ғой, олай сөйлеуге болмайды деп едім, "Ана?" Керек емес маған ана деді. Баланың мінезі бұзылған. Ондай баладан болашақта қандай азамат шығады? Біз осыны ойлауымыз керек", - дейді Жетесова.

"Бір балам ойынқұмар болып кетті"

"Биыл шаршадым, сондай қатта шаршадым. Бір балам ойынқұмар болып кетті. Оқуына да дұрыс қарамай, мінезі де сондай өзгерді. Әскери өмір тәрбиелер деп өзім әскери комиссариатқа апардым. Сол балам ант қабылдайды, сол үшін ат арылтып Ақтөбеден Алматыға келген жайым бар", - дейді ана.
Өмірхан мен Амангүлдің 7 баласы астанадағы жоғарғы оқу орнында оқиды. Жалпы бұл отбасындағы бар бала талантты, музыкант. Жетесовтер бар баласымен "Шашу" халық ансамблін құрған.
Жаны ән мен әуенге құмар Амангүл 28 баласын да өнерге тәрбиелеген. Бүгінде отбасылық ансамбль талай сахнада ұлттық әуенді асқақтатып, күйден шашу шашып жүр.
Жаңалықтар
0