https://sputnik.kz/20250617/alinurdy-soqqyga-zhyqqan-zhasospirimderdin-ata-anasyna-qatysty-sot-ukimi-shyqty-54756522.html
Әлинұрды соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты сот үкімі шықты
Әлинұрды соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Үкімге сәйкес, кәмелетке толмаған бір қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап қанағаттандырылды 17.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-17T12:26+0500
2025-06-17T12:26+0500
2025-06-17T12:26+0500
семей
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Семейде Әлинұрды соққыға жыққан үш жасөспірімнің ата-анасына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі ай бойы сотта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның талап арыздары бойынша үш азаматтық іс қаралды. Бұған дейін комисия үш баланың әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға шешім шығарған болатын.Үкімге сәйкес, кәмелетке толмаған бір қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап қанағаттандырылды. Тағы бір қыздың анасы ата-ана құқығынан ішінара айырылды. Ал әкесі өз құқығын сақтап қалды. Бірақ тәрбиелеуге ұзақ уақыт бойы қатыспауы және алкогольді зиянды түрде тұтынуы ескеріліп, ата-ана құқығы шектелді."Аталған шешімдердің негізінде спирттік ішімдіктерге әуестік, әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылу, наркологиялық және полиция есебінде тұру, баланы тәрбиелеуге қатыспау секілді жағдайлар қарастырылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында", - дейді сот мамандары.Ал үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тараптың экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды.Айта кетері, 24 ақпанда бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жығып, мазақ еткен. Сосын видеоны әлеуметтік желіге салып жіберді. Арнайы комиссия оқиғаны қарап, төбелеске қатысқан үш жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ сот ол шешімді қолдамады.Сол кезде бірнеше оқу орнының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мектеп директоры қызметінен босатылды.Ал қазақстандықтар жасөспірімдерден әлімжеттік көрген оқушыға қолдау көрсетіп, төрт бөлмелі пәтер де алып берген.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, жасөспірім
Әлинұрды соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты сот үкімі шықты
Үкімге сәйкес, кәмелетке толмаған бір қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап қанағаттандырылды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Семейде Әлинұрды соққыға жыққан үш жасөспірімнің ата-анасына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі ай бойы сотта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның талап арыздары бойынша үш азаматтық іс қаралды. Бұған дейін комисия үш баланың әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға шешім шығарған болатын.
"Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан алты ата-ананың үшеуі комиссия шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізіліп, шешімдер қабылданды", - делінген сот хабарламасында.
Үкімге сәйкес, кәмелетке толмаған бір қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап қанағаттандырылды. Тағы бір қыздың анасы ата-ана құқығынан ішінара айырылды. Ал әкесі өз құқығын сақтап қалды. Бірақ тәрбиелеуге ұзақ уақыт бойы қатыспауы және алкогольді зиянды түрде тұтынуы ескеріліп, ата-ана құқығы шектелді.
"Аталған шешімдердің негізінде спирттік ішімдіктерге әуестік, әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылу, наркологиялық және полиция есебінде тұру, баланы тәрбиелеуге қатыспау секілді жағдайлар қарастырылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында", - дейді сот мамандары.
Ал үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тараптың экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды.
Айта кетері, 24 ақпанда бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жығып, мазақ еткен. Сосын видеоны әлеуметтік желіге салып жіберді. Арнайы комиссия оқиғаны қарап, төбелеске қатысқан үш жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ сот ол шешімді қолдамады.
Сол кезде бірнеше оқу орнының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мектеп директоры қызметінен босатылды.
Ал қазақстандықтар жасөспірімдерден әлімжеттік көрген оқушыға қолдау көрсетіп, төрт бөлмелі пәтер де алып
берген.