Қазақстандықтар Семейде соққыға жығылған балаға үй алып берді

CC0 / pixabay.com / Семейде соққыға жығылған оқушыға пәтер сыйлады
Семейде соққыға жығылған оқушыға пәтер сыйлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Семейде жасөспірімдерден әлімжеттік көрген оқушыға 4 бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Баланың болашағына алаңдаған жандар 3 күнде 35 миллион теңге жинап берген.

"Құжатқа қол қойылды, бұл Әлинұрдың үйі. Бірақ бала әлі кәмелет жасқа толмағандықтан ол үшін әкесі қол қойды, - деп жазды волонтер Динара Садырбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпанда бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жығып, қорлап, мазақ еткен видео әлеуметтік желіде тараған болатын.
Кейін баланы қорлағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Арнайы комиссия оқиғаны қарап, нәтижесінде төбелеске қатысушылардың барлығын уақытша оқшаулау жағдайындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу туралы шешім қабылдаған болатын.
Сондай-ақ үш баланың әке-шешесін ата-ана құқығынан айырды.
Бірнеше оқу орнының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мектеп директоры қызметінен босатылды.
Департамент полиции Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Абай облысының полициясы оқушыны ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады
Жаңалықтар
0