Шымкентте жеке меншіктегі су шаруашылығы нысандары мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуГЭС
ГЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Палатаның ұсынысы бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала әкімінің талап арызын қанағаттандырды
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады жоғары аудиторлық палата.
Палата өткен жылдың желтоқсан айында жүргізген аудит барысында Шымкенттің стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары жеке меншікте екені анықталды. Бұл Су кодексі талаптарын бұзады, дейді ведомстводағылар.
Осыған байланысты үкіметке аталған объектілерді заңнама нормаларына сай мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

"Нәтижесінде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала әкімінің талап арызын қанағаттандырды", - деп жазылған хабарламада.

Жеке меншік ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасында жасалған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.
Жайылымдық жер - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0