https://sputnik.kz/20250614/aqmola-oblysynda-323-million-tengenin-zheri-memleketke-qaytaryldy-54648180.html
Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Жайылымдық жер мен егістік алқаптарының тапшылығы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр 14.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-14T09:57+0500
2025-06-14T09:57+0500
2025-06-14T09:57+0500
ақмола облысы
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_0:49:3072:1777_1920x0_80_0_0_e2ec2c9dab09fde4bc450cd27f531c58.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Ақмола облысының прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп жатыр.Бас прокуратура хабарлағандай, жайылымдық жер мен егістік алқаптарының тапшылығы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Сондықтан қазіргі таңда Біржан сал ауданының прокуратурасы "Жайылымдық жерлерді ұлғайту" жобасын жүзеге асырып жатыр.Жоба аясында аудандағы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұза отырып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайдалануға беруге бағдарланды.
https://sputnik.kz/20240914/soltustik-qazaqstanda-497-mln-tengenin-zheri-memleket-menshigine-qaytaryldy-47086382.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_51:0:2782:2048_1920x0_80_0_0_fa3d2549bf204d6532ec088208d0478a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, прокуратура
ақмола облысы, прокуратура
Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Жайылымдық жер мен егістік алқаптарының тапшылығы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Ақмола облысының прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Бас прокуратура хабарлағандай, жайылымдық жер мен егістік алқаптарының тапшылығы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Сондықтан қазіргі таңда Біржан сал ауданының прокуратурасы "Жайылымдық жерлерді ұлғайту" жобасын жүзеге асырып жатыр.
Жоба аясында аудандағы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұза отырып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
"Жол берілген заң бұзушылықтарға байланысты Біржан сал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 323 миллион теңге құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайдалануға беруге бағдарланды.