Шегіртке басқан аумақтың 90%-дан астамына дәрі себілді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСаранча
Саранча - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тексерулер жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда шегіртке басқан аумақтың 90%-дан астамы химиялық өңдеуден өтті. Бұл туралы шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысында белгілі болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды.
"Қазіргі уақытта 15 өңірде итальялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда", - деп жазылған хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шекаралас аумақтардағы шегіртке ошақтары мен көршілес елдерден ұшып келу қаупіне байланысты тұрақты мониторинг жүргізілуде.
"Қытай мен Қырғызстан тарапынан қауіп жоқ. Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Ошақтар анықталған жоқ. Көршілес елдердің мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстары жалғасуда", — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар штаб отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектарға, майлы дақылдар – 3,4 млн гектарға, жүгері – 168 мың гектарға, картоп – 127,8 мың гектарға, қант қызылшасы – 17,7 мың гектарға егілді.
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Түркістан облысында егінді шегіртке жайпап жатыр
Жаңалықтар
0