https://sputnik.kz/20250517/turkistan-oblysynda-egindi-shegirtke-zhaypap-zhatyr-53619114.html
Түркістан облысында егінді шегіртке жайпап жатыр
Түркістан облысында егінді шегіртке жайпап жатыр
Sputnik Қазақстан
Әсіресе Шардара ауданының диқандары зардап шегіп отыр 17.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-17T10:23+0500
2025-05-17T10:23+0500
2025-05-17T10:23+0500
диқандар
егістік
https://sputnik.kz/img/515/09/5150900_0:0:1643:924_1920x0_80_0_0_86dc894ae739dad025596d1be8b70633.jpg
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Түркістан облысында егінді шегіртке жайпап жатыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.Әсіресе Шардара ауданының диқандары зардап шегіп отыр. Зиянкестерді улағанымен, ол нәтижесін бермеген. Қазірдің өзінде 40 пайыз егіннен айырылдық деген диқандар шұғыл шара қолдануды сұрап отыр.Шардаралық диқандар екі ай бұрын еккен қарбызға қанаттанып үлгерген шегіртке егіс алқабының астаң-кестеңін шығарған.Диқандар ұшақтан дәрі себуі керек, өйткені дәрінің түк тиімділігі жоқ, дейді. Бір-екі сағаттан кейін шегірткелер тіріліп кетіп жатыр. Ауыл шаруашылық басқармасындағылар ерте көктемде шегірткеге қарсы шаралар жүргізілгенін, осыған дейін 372 мың гектарды химиялық өңдеуден өткізгенін айтады. Яғни шегірткені улауды 95 пайызға бітіріп тастадық деп отыр."Өңдеуге 331 жерүсті техникасы қатысты, 8 дрон, 4 АН-2 ұшағы жұмылдырылды. Қазір қалып отырған 5-8 пайыздың көлемінде өңдеу, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір ай бұрын көзге көрінген шегіртке қазір қанат байлап, ең толысқан кезіне жетті", - Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Білалов.
https://sputnik.kz/20250514/eki-oblysta-3973-myn-ga-alqap-shegirtkege-qarsy-ondeldi-53538449.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/515/09/5150900_0:0:1643:1232_1920x0_80_0_0_154ad265f4b5cd3db8709e0179fec510.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диқандар, егістік
Түркістан облысында егінді шегіртке жайпап жатыр
Әсіресе Шардара ауданының диқандары зардап шегіп отыр
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Түркістан облысында егінді шегіртке жайпап жатыр, деп хабарлады
КТК телеарнасы.
Әсіресе Шардара ауданының диқандары зардап шегіп отыр. Зиянкестерді улағанымен, ол нәтижесін бермеген. Қазірдің өзінде 40 пайыз егіннен айырылдық деген диқандар шұғыл шара қолдануды сұрап отыр.
Шардаралық диқандар екі ай бұрын еккен қарбызға қанаттанып үлгерген шегіртке егіс алқабының астаң-кестеңін шығарған.
"Мынаны кімге айтамыз енді? Бәрін жеп қойды. Кімге береміз, кімге зарымызды айтамыз? Биыл еккен 35 гектар қарбыздың бір бөлігін шегіртке санаулы сағатта жеп қойды. Әр гектарына 2 миллион теңге шығардым", - дейді шаруа Сапарғали Қойайдаров.
Диқандар ұшақтан дәрі себуі керек, өйткені дәрінің түк тиімділігі жоқ, дейді. Бір-екі сағаттан кейін шегірткелер тіріліп кетіп жатыр.
Ауыл шаруашылық басқармасындағылар ерте көктемде шегірткеге қарсы шаралар жүргізілгенін, осыған дейін 372 мың гектарды химиялық өңдеуден өткізгенін айтады. Яғни шегірткені улауды 95 пайызға бітіріп тастадық деп отыр.
"Өңдеуге 331 жерүсті техникасы қатысты, 8 дрон, 4 АН-2 ұшағы жұмылдырылды. Қазір қалып отырған 5-8 пайыздың көлемінде өңдеу, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір ай бұрын көзге көрінген шегіртке қазір қанат байлап, ең толысқан кезіне жетті", - Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Білалов.