Екі облыста 397,3 мың га алқап шегірткеге қарсы өңделді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуШегіртке
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Зиянкестерді анықтау үшін жүргізілетін тексерулерге 4600-ден астам маман қатысады
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Жамбыл және Түркістан облыстарында 397,3 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары шегірткеге қарсы өңделді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 2025 жылы шоғырланып тіршілік ететін шегіртке зиянкестері 2,1 млн гектар аумаққа таралады деп болжануда. Бұл 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.
Зиянкестерді анықтау үшін жүргізілетін тексерулерге 4600-ден астам маман қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар орталығының деректеріне сәйкес, бүгінде 1 485,7 мың гектар алқап тексерілді, оның 400,9 мың гектарына өңдеу жүргізілуі тиіс. Қазіргі таңда 397,3 мың гектар алқап өңделді, оның ішінде Жамбыл облысында – 29,4 мың га, Түркістан облысында – 367,3 мың га.
Өңдеу тиімділігін арттыру мақсатында 2025 жылы бүрку техникасының өнімділік нормативтері қайта қаралып, нәтижесінде техниканың көбірек саны тартылды. Жалпы, химиялық өңдеулерге 443 бірлік арнайы техника тартылады, оның ішінде жерүсті бүріккіштер, аэрозоль генераторлары, өте жеңіл ұшатын аппараттар, ұшақтар және дрондар бар.
2024 жылы бюджет қаражатын үнемдеу есебінен қосымша 53 дрон (оның 46-сы өңдеуге, 7-еуі мониторингке), сондай-ақ инспекторлар үшін 68 автокөлік сатып алынды.
Саранча - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Шегіртке қарсы күреске 50-ден астам дрон жұмылдырылды
Жаңалықтар
0