Қазақстан мен Қытай 24 құжатқа қол қойды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПо итогам переговоров Касым-Жомарта Токаева и Си Цзиньпина подписан ряд документов
По итогам переговоров Касым-Жомарта Токаева и Си Цзиньпина подписан ряд документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Олардың ішінде инвестицияға қатысты үкіметаралық келісімдер бар
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорда.
"Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты", - деп жазылған хабарламада.
Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.
Токаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
АЭС құрылысы бойынша Қытай компаниясын серіктес ретінде қарастырып отырмыз – Тоқаев
Жаңалықтар
0