Елдегі автокөлік саны 6,3 милионға жетті

© Sputnik / Абзал КалиевАстанадағы көліктер
Астанадағы көліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ке артқан
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Ұлттық ститстика бюросы елде тіркелген автокөліктер бойынша дерек жариялады.
2025 жылдың мамырында республика бойынша 128,1 мың автокөлік есепке қойылды.
Оның ішінде:
жеңіл автомобильдер – 113 мың бірлік;
жүк автомобильдері – 8 мың бірлік;
автобустар – 1,4 мың бірлік;
мототранспорт – 5,7 мың бірлік.
Былтырғы мамыр айымен салыстырғанда бензинмен жүретін автокөліктер саны 15,3%-ке, дизель отынымен жүретіндер 13,9%-ке, газбен жүретіндер 36,2%-ке, аралас отынмен жүретіндер 9,3%-ке өскен. Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ке артқан.
2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6,3 миллионға жетіп отыр.
Еңбек кітапшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Қай мамандыққа сұраныс жоғары - министрлік статистика жариялады
Жаңалықтар
0