Қай мамандыққа сұраныс жоғары - министрлік статистика жариялады

© Sputnik / Болат ШайхиновЕңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. 2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Алдыңғы аймен салыстырғанда олардың саны сәйкесінше 11,8% және 4,3%-ға азайды.
Кадрға ең жоғары қажеттілікті дәстүрлі түрде білім беру (15 мыңнан астам бос жұмыс орны), қызмет көрсетудің басқа түрлері (10,7 мың) және құрылыс (8,5 мың) салалары көрсетті.
Жұмыс берушілердің ең жоғары белсенділігі Астана қаласында (барлық бос жұмыс орындарының 11,5%-ы), Түркістан (7,5%) және Павлодар (7,1%) облыстарында тіркелді.
Жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі Алматы қаласында (-28%) байқалды, басқа өңірлердің көпшілігінде төмендеу көрсеткіші 15%-дан аспады.
Сұранысқа ие мамандықтардың ішінде тәртіп сақшыларына (1,8 мың бос орын), медбикелер (1,7 мың) мен жүргізушілерге (1,5 мың) сұраныс сақталды.
Жалақы бойынша ең көп ұсыныстар тау-кен өнеркәсібіндегі басшының орынбасары (орта есеппен 788 мың теңгеден), бас құрылысшы (662 мыңнан) және бұрғылаушы-инженер (605 мыңнан) лауазымдарына тіркелді.
Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күтетін ұшқыш (орта есеппен 2,3 млн теңгеден), IT жобаларды әзірлеу бөлімінің басшысы (1,2 млн теңге), өндіруші саладағы участке басшысы (1,1 млн теңге) лауазымдарына үміткерлер тіркелді.
Мұнайшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
19 мыңнан астам жұмыс орны ашылады - үкімет
Жаңалықтар
0