Елордалық спортшылар Әкелер күніне орай ерекше челлендж жасады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМалыш на плечах у взрослого, архивное фото
Малыш на плечах у взрослого, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтетін Әкелер күніне орай елордада "Әке көрген оқ жанар" әлеуметтік челленджі басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бұл челленджге елордалық спортшылар бастамашы болып, қалған өңірлер де қосылды.
Жүздеген спортшы, жаттықтырушы мен дене шынықтыру қызметкерлері әлеуметтік желілерде "Әкем маған не үйретті?" тақырыбында шынайы оқиғалармен бөлісті.
Челлендждің алғашқы қатысушылары — елорданың белгілі спортшылары каратэден Азия және Қазақстан чемпионы Венера Жақсыбаева, Азия чемпионатының қола жүлдегері Мәлік Әбжанова, жүзуден параспортшы Адель Қалиева, тағы басқа да спортшылар болды.
Кейбір қатысушылар жарыс кезінде ән шырқады, біреуі әкесімен бірге жаттығу өткізді, ал енді бірі әкенің оларды спортқа қалай әкелгені туралы айтты.
Челлендждің негізгі мақсаты - әкелерге алғыс білдіру, әкеге деген құрмет.
Бауырына салу фильмі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2024
"Әкемді әке дей алмадым": "Бауырына салу" фильмін түсіруге не себеп болды
Жаңалықтар
0