https://sputnik.kz/20240927/akemdi-ake-dey-almadym-bauyryna-salu-filmin-tusiruge-ne-sebep-boldy-47397976.html
"Әкемді әке дей алмадым": "Бауырына салу" фильмін түсіруге не себеп болды
"Әкемді әке дей алмадым": "Бауырына салу" фильмін түсіруге не себеп болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. "Оскар-2025" сыйлығына ұсынылған "Бауырына салу" фильмінің режиссері Асхат Кучинчиреков фильмді түсіруге не себеп болғанын... 27.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-27T14:22+0500
2024-09-27T14:22+0500
2024-09-27T14:51+0500
фильм
оскар жүлдесі
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1b/47398183_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_57aa30b9de5e3a99810132d00164672c.jpg
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. "Оскар-2025" сыйлығына ұсынылған "Бауырына салу" фильмінің режиссері Асхат Кучинчиреков фильмді түсіруге не себеп болғанын Sputnik Қазақтан тілшісіне айтып берді.Асхат Кучинчиреков атасы мен әжесінің бауырында өскен бала. Немеренің үлкені болып дүниеге келген оны бір жас үш айында атасы Әбілғазы мен әжесі Қайыржан бағып алған."Бұл фильмді түсірген себебім, мен атам мен әжемнің бауырында өстім. Сол кісілердің қолынан тәрбие алдым, өстім-өндім. Бұл тақырыпты ашық ешкім көрсетпеген, жай шетін ғана қозғап айтады. Бірақ дәл осы тақырыпқа ешкім фильм түсірмеген. Атасы мен әжесінің бауырында өскен баланың жан-дүниесін өте жақсы түсінемін, өйткені басымнан кештім. Сол себепті де осы бір дәстүрді көрсеткім келді", - дейді режиссер Асхат Кучинчиреков.Фильм екі ауданда түсірілгенФильм үш жыл түсірілген. 2020 жылы пандемия кезінде басталған."Бұл фильмнің бірінші жартысы Балқаш ауданының Құйған ауылында, екінші жартысы Кеген ауданының Тұйық ауылында түсірілген. Ауа райы, локация, өз ойымды жеткізе алмау деген сияқты қиындықтар болды. Бірақ қатты тығырыққа тірейтін қиындықтар болған жоқ", - дейді режиссер.Фильм сәби кезінен әжесінің қолында тәрбиеленген баланың өмірін баяндайды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2023 жылдың күзінде Сан-Себастьяндағы (Испания) беделді кинофестивальде өтті.Сол жылы "Бауырына салу" фильмі "Үздік жастар фильмі" аталымында "Азиялық Оскар" сыйлығын алды. Бұл Австралияда орналасқан Asia Pacific Screen Awards киножүлдесі."Әкемді әке дей алмадым""Біз фильм түсіргенде бір 90-ды алқымдаған әже массовкада ойнады, ол кісі жақында қайтыс болды. Қызының өзі жетпіске келген. Бірінші туған қызын ата-әжесінің бауырына салған. Дүниеден өтер алдында сол 90 жастағы ана қызына: "ең қынжылатын нәрсем мына сапарға кетіп бара жатқанда сенен "ана" деген сөзді ести алмай бара жатқаным", - депті. Сонда қызының мына бір айтқаны бар: "ана" деп айтайын десем көзалдыма ата-әжем елестеп тұрды, ана деп айтуға жүрегім де дауаламады. Тапқан анам сол сөзімді естімей көз жұмды" деп еді. Мен де ана, әке деп айтпадым, осыдан бес жыл бұрын әкем қайтыс болды. Әкем деп білдім, бірақ әке, әкешім деп айта алмадым", - дейді Асхат Кучинчиреков."Бауырға салу" фильмі 100% мемлекеттің қолдауымен түсірілген. Режиссер фильмнің көңілінен шыққанын айтады. Тіпті қазір тағы түсір десе ешбір жерін өзгертпей дәл осылай қайта түсірер едім дейді."Мені ұрып жылатты"Фильмде ата-әжесінің бауырында өскен бала Ерсұлтанның рөлін Ерсұлтан Ерманов сомдайды. Ол кездегі жасы 11-де болған."Бұған дейін фильмге түскен емеспін, бұл менің кино әлеміндегі бірінші рөлім болды. Соңғы эпизодтарда қиналдым, өйткені жылау керек болды. Жылай алмадым, ұрып жылатты, сол кезде қиналдым", - дейді ата-әже бауырында өскен баланың рөлін сомдаған жас актер Ерсұлтан Ерманов.Ерсұлтан шынайы өмірде ата-әжесінің емес, тапқан анасының тәрбиесінде.Кинематографистер одағы жанындағы Оскар комитеті "Бауырына салу" фильмін Оскарға ұсынды.Асхат Кучинчирековтың бұл фильмі Альянс мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша Тұлпар ұлттық сыйлығының жоғары наградасын алды және Қазақстанды "International Feature Film" номинациясында ұсынады.Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер қысқа тізім таңдайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Қысқа тізімге дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтарында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы тур 11-18 ақпанда өтеді. Жеңімпаздардың есімдері 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу кезінде салтанатты рәсімде жарияланады. Егер фильм үміткерлер қатарына енсе, рәсімге режиссер шақырылады. "International Feature Film" санатындағы мүсіншеде ел, фильмнің атауы және режиссердің аты көрсетіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1b/47398183_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_5bc2b0e6c2098b0310bd143f83a93f7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
фильм, оскар жүлдесі
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. "Оскар-2025" сыйлығына ұсынылған "Бауырына салу" фильмінің режиссері Асхат Кучинчиреков фильмді түсіруге не себеп болғанын Sputnik Қазақтан тілшісіне айтып берді.
Асхат Кучинчиреков атасы мен әжесінің бауырында өскен бала. Немеренің үлкені болып дүниеге келген оны бір жас үш айында атасы Әбілғазы мен әжесі Қайыржан бағып алған.
"Бұл фильмді түсірген себебім, мен атам мен әжемнің бауырында өстім. Сол кісілердің қолынан тәрбие алдым, өстім-өндім. Бұл тақырыпты ашық ешкім көрсетпеген, жай шетін ғана қозғап айтады. Бірақ дәл осы тақырыпқа ешкім фильм түсірмеген. Атасы мен әжесінің бауырында өскен баланың жан-дүниесін өте жақсы түсінемін, өйткені басымнан кештім. Сол себепті де осы бір дәстүрді көрсеткім келді", - дейді режиссер Асхат Кучинчиреков.
Фильм екі ауданда түсірілген
Фильм үш жыл түсірілген. 2020 жылы пандемия кезінде басталған.
"Бұл фильмнің бірінші жартысы Балқаш ауданының Құйған ауылында, екінші жартысы Кеген ауданының Тұйық ауылында түсірілген. Ауа райы, локация, өз ойымды жеткізе алмау деген сияқты қиындықтар болды. Бірақ қатты тығырыққа тірейтін қиындықтар болған жоқ", - дейді режиссер.
Фильм сәби кезінен әжесінің қолында тәрбиеленген баланың өмірін баяндайды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2023 жылдың күзінде Сан-Себастьяндағы (Испания) беделді кинофестивальде өтті.
Сол жылы "Бауырына салу" фильмі "Үздік жастар фильмі" аталымында "Азиялық Оскар" сыйлығын алды. Бұл Австралияда орналасқан Asia Pacific Screen Awards киножүлдесі.
"Біз фильм түсіргенде бір 90-ды алқымдаған әже массовкада ойнады, ол кісі жақында қайтыс болды. Қызының өзі жетпіске келген. Бірінші туған қызын ата-әжесінің бауырына салған. Дүниеден өтер алдында сол 90 жастағы ана қызына: "ең қынжылатын нәрсем мына сапарға кетіп бара жатқанда сенен "ана" деген сөзді ести алмай бара жатқаным", - депті. Сонда қызының мына бір айтқаны бар: "ана" деп айтайын десем көзалдыма ата-әжем елестеп тұрды, ана деп айтуға жүрегім де дауаламады. Тапқан анам сол сөзімді естімей көз жұмды" деп еді. Мен де ана, әке деп айтпадым, осыдан бес жыл бұрын әкем қайтыс болды. Әкем деп білдім, бірақ әке, әкешім деп айта алмадым", - дейді Асхат Кучинчиреков.
"Бауырға салу" фильмі 100% мемлекеттің қолдауымен түсірілген. Режиссер фильмнің көңілінен шыққанын айтады. Тіпті қазір тағы түсір десе ешбір жерін өзгертпей дәл осылай қайта түсірер едім дейді.
Фильмде ата-әжесінің бауырында өскен бала Ерсұлтанның рөлін Ерсұлтан Ерманов сомдайды. Ол кездегі жасы 11-де болған.
"Бұған дейін фильмге түскен емеспін, бұл менің кино әлеміндегі бірінші рөлім болды. Соңғы эпизодтарда қиналдым, өйткені жылау керек болды. Жылай алмадым, ұрып жылатты, сол кезде қиналдым", - дейді ата-әже бауырында өскен баланың рөлін сомдаған жас актер Ерсұлтан Ерманов.
Ерсұлтан шынайы өмірде ата-әжесінің емес, тапқан анасының тәрбиесінде.
Кинематографистер одағы жанындағы Оскар комитеті "Бауырына салу" фильмін Оскарға ұсынды.
Асхат Кучинчирековтың бұл фильмі Альянс мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша Тұлпар ұлттық сыйлығының жоғары наградасын алды және Қазақстанды "International Feature Film" номинациясында ұсынады.
Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер қысқа тізім таңдайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Қысқа тізімге дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтарында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады.
Үшінші, соңғы тур 11-18 ақпанда өтеді. Жеңімпаздардың есімдері 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу кезінде салтанатты рәсімде жарияланады. Егер фильм үміткерлер қатарына енсе, рәсімге режиссер шақырылады. "International Feature Film" санатындағы мүсіншеде ел, фильмнің атауы және режиссердің аты көрсетіледі.