Алматы облысында жүк пойызы көлікпен соқтығысты

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы" Land Cruiser столкнулся с грузовым поездом на юге Казахстана
 Land Cruiser столкнулся с грузовым поездом на юге Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Алматы облысында жүк көлігі мен Toyota Land Cruiser көлігі соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
15 маусымда сағат 09:19-да Жіңішкесу – Шелек аралығының (Жетіген - Алтынкөл учаскесі) теміржол өткелінде жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota Land Cruiser жүк пойызымен соқтығысты.
"Құрбан болғандар жоқ. Жүргізушінің қолы сынған, медициналық көмек көрсетілді. Пойыз қозғалысы 30 минутқа кешікті. Өткел барлық қажетті ескерту белгілерімен жабдықталған", - дейді ведомстводағылар.
Жыл басынан бері темір жол өткелдерінде 23 жол апаты болған. Негізгі себеп - автокөлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы.
Тағы осындай 32 факт тіркелген. Бірақ локомотив бригадаларының кәсібилігінің арқасында темір жол көліктері талай апаттан аман қалған.
Архивное фото обуви на железнодорожных рельсах - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Қостанай облысында пойыз тракторды қағып өтті: бір адам көз жұмды
Жаңалықтар
0