Артаев Алмас Өтешовті лауазымды қызметке тағайындады

© Photo : instagram.com/almas_uteshov/Алмас Өтешов
Алмас Өтешов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Белгілі ауыр атлет Алмас Өтешов лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы.
"Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Өтешов Алмас Дәулетярұлы басқармаға қарасты "Олимпиадалық резерв даярлау орталығы" КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Алмас Дәулетярұлы - Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.
Осы уақытқа дейін, яғни бес айға жуық басқармаға қарасты "Мұз айдыны" мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды.
Штанга - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Ауыр атлетика федерациясына жаңа президент тағайындалды
Жаңалықтар
0