Ауыр атлетика федерациясына жаңа президент тағайындалды

© AFP 2024 / Dimitar DilkoffШтанга
Штанга - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков қызметінен мерзімінен бұрын босады. Федерация президенттігіне Гаджи Гаджиевтің кандидатурасы ұсынылды.
“Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылары мен спорт қауымдастығы Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Министр Ербол Мырзабосынов ауыр атлетика федерациясын он жылға жуық басқарған Жанат Түсіпбековке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа басшы Гаджи Гаджиевке сәттілік тіледі”, - делінген ақпаратта.
Федерацияның экс-президенті Жанат Түсіпбеков бұл салада он жылға жуық басшылық етті.
Ал Гаджи Гаджиевтің еңбек өтілі:
- ҚР мен ҚХР-да коммерциялық салада жұмыс істеді (1994);
- "Жол Жондеуші" компаниясы" ЖШС Басқарушы директоры (2015-2017);
- "Найза-Құрылыс" концернінің Байқау кеңесінің төрағасы (2016-2017);
- "Sa construction group" ЖШС Бас директоры (2017 жылдан бастап).
- республикалық жекпе-жек өнері Одағы Жоғары Кеңесі Төралқасының мүшесі (2009 жылдан бастап);
- ICF Халықаралық істер жөніндегі вице-президенті (2013);
- Қазақстан NOMAD MMA республикалық федерациясының президенті (2015 жылдан бастап);
- Қазақстан Кунг-фу қауымдастығының президенті (2016-2018);
- ҚР Пенчак Силат қауымдастығының президенті (2018 жылдан бастап);
- Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті;
- ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитетінің мүшесі;
- 2024 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті.
Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Ольга Рыпакова лауазымды қызметке тағайындалды
Жаңалықтар
0