Ольга Рыпакова лауазымды қызметке тағайындалды

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РКОльга Рыпакова
Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның кандидатурасын федерацияның 2024 жылы атқарған жұмысы қорытындыланған жиында министр Ербол Мырзабосынов ұсынды. Облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы Ольга Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа президенттің қызметіне сәттілік тіледі.
"Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз", - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.
Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.
Жаңалықтар
0