Шымкентте жүргізушіні тоқтатпақ болған полицей көлік капотына мініп алды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПатрульдік полиция көлігі
Патрульдік полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
Көлік жүргізушінің күдікті әрекеті жасанды интеллект технологиясы арқылы анықталған
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Шымкент қаласында жасанды интеллект арқылы анықталған көлік жүргізушісі полицейді басып кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі осы оқиғаның видеосын жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, жолдағы қауіпті әрекетті анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиясы Daewoo Nexia көлігін тексеру қажеттігін көрсеткен. Себебі цифрлық жүйе агрессивті жүргізу белгілерін тіркеді.
Көлік жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы заңды талабына бірден бағынбаған. Артынан тоқтағандай болып, бірақ тексеріс шаралары басталғанда газға басқан. Сол кезде полицейлердің біреуі оны тоқтатамын деп капотқа мініп алды. Соған қарамастан жүргізуші полиция қызметкерінің өміріне қауіп төндіріп, жоғары жылдамдықпен жүрді. Тәртіп сақшылары оны тоқтатып, қамауға алды.
Айта кетері, қазіргі кезде билік өкіліне күш көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы әрекет үшін 2 000 айлық есептік көрсеткiшке (7 864 000 теңге – 2025 жылда) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Министр пранк үшін полицей киімін киетіндерге ескерту жасады
Жаңалықтар
0