Министр пранк үшін полицей киімін киетіндерге ескерту жасады
12:41 22.05.2025 (жаңартылды: 16:01 27.05.2025)
Жазылу
Министр пранк үшін полицей киімін киетіндерге ескерту жасады
Ержан Сәденов мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы министрдің депутаттық сауалға берілген жауабында айтылған.
«Мұндай жағдайлар бұзақылық, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру не өзге де әкімшілік немесе қылмыстық жазаланатын әрекеттер ретінде саралануы мүмкін», - делінген жауапта.
Айтуынша, әрбір осындай оқиға бойынша тексеру жүреді.
▪Бұған дейін Астанадағы лифтіде пранк жасаған блогерлер жазаланған болатын.
@sputnik_aitady