Мағжан Шамшадин Олимпиада жүлдегерін 10 секундта ұтты (ВИДЕО)

© Photo : Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіМағжан Шамшадин
Мағжан Шамшадин - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетіп жатыр
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегерін 10 секундта ұтты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетіп жатыр. Мағжан бұл кезеңде Олимпиада жүлдегері испаниялық Франсиско Горригосты иппон әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.
Ал Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Ол әлем біріншілігінің 1/8 финалдық кезеңінде Бельгия өкілі Лои Петимен кездесті. Отандасымыз белдесуді мерзімінен бұрын аяқтап, келесі кезеңге өтті.
Ширек финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.
Парадзюдодан Азия чемпионаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Елордада пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді
Жаңалықтар
0