Елордада пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

© Photo : Пресс-служба Минкультуры и спортаПарадзюдодан Азия чемпионаты
Парадзюдодан Азия чемпионаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Жаһандық додаға әлемнің 40 елінен келген 350-ден астам үздік спортшы қатысады
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. 13-15 мамыр күндері елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында IBSA Judo World Championships Astana 2025 пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады спорт комитеті.
Бұл – төрт жылда бір өтетін пара дзюдо әлеміндегі ең беделді дода.
Жарыс Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) ұйымдастыруымен өтеді және турнирде 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жаһандық додаға әлемнің 40 елінен келген 350-ден астам үздік спортшы қатысады. Олардың қатарында 15 Паралимпиада чемпионы мен жүлдегерлері бар.
Пара дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын ұлттық құрама көшбасшылары — Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков және басқа да спортшылар қорғайды.
Сонымен қатар елорда татамиінде Алана Мартинс Мальдонадо (Бразилия), Южито Широ (Жапония), Флорин Болога (Румыния), Шерзод Намозов (Өзбекстан), Ибрахим Бөлүкбашы (Түркия) және басқа да атақты спортшылар белдеседі.
Медаль  Олимпиады в Париже - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлері сыйақы алды
Жаңалықтар
0